Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Ғаффар» мешітінде Рухани келісім күніне орай футбол сайысы өтті
«Әл-Ғаффар» мешітінде Рухани келісім күніне орай футбол сайысы өтті

18 қазан – Рухани келісім күніне орай Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында футбол ойыны өткізілді.

Спорттық шараның мақсаты – жамағат арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайту, бауырластық қарым-қатынасты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Тартысты өткен футбол ойыны достық пен татулықтың жарқын үлгісіне айналып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Осындай игі шаралар жамағат арасындағы ауызбіршілікті арттырып, өзара сыйластық пен рухани құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz