«Рухани келісім» мерекесіне орай Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен футболдан спорттық шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, достық пен өзара сыйластықты нығайту, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен татулықтың маңызын насихаттау.
Спорттық шара барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, белсенділік пен командалық рухтың үлгісін көрсетті. Жарыс достық қарым-қатынасты нығайтып, қатысушылардың өзара ынтымақтастығын арттыруға мүмкіндік берді.
Осындай игі бастамалар жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, қоғамда өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы