Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде мешіттің ақ жаулықты әжелері мен әйелдер жамағатына «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде ас беру мәдениеті, ысырапшылдықтың алдын алу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, құдайы асты даңғазаға айналдырмай, қарапайымдылықпен өткізу, халыққа артық шығын салмау және дәстүрдің шынайы мәнін сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Шараның мақсаты – әйелдер жамағаты арасында ас беру әдебін насихаттап, ысырапшылдыққа жол бермеу және ұлттық дәстүрлердің рухани мәнін түсіндіру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы