Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық мешітінде құдайы ас беру мәдениеті түсіндірілді
Абай аудандық мешітінде құдайы ас беру мәдениеті түсіндірілді

Абай аудандық мешітінде  жамағатқа «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында құдайы ас берудің мән-маңызы, ас өткізу кезінде ысырапқа жол бермеу, дастарқан мәзірін шамадан тыс көбейтпеу және халықтың жағдайына қарай қарапайымдылықты ұстану мәселелері айтылды. Сонымен қатар ұлттық дәстүр мен діни тағылымды сабақтастыра отырып, ас берудің негізгі мақсаты – марқұмға дұға бағыштап, сауапты амал жасау екені түсіндірілді.

Халқымызда ас беру – марқұмды еске алып, дұға етуге және ағайынның басын қосуға арналған игі дәстүр. Сондықтан бұл рәсімде бәсекеге емес, берекеге, даңғазаға емес, дұға мен тағылымға басымдық беру қажеттігі насихатталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz