ҚМДБ-ның Қарағанды облысы өкілдігі және облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Әнет баба» мешітінде «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында семинар өтті.
Жиынға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы, облыстық дін істері басқармасының “Діни оңалту” бөлімінің маманы Сұлтан Аманболұлы, сондай-ақ діни оңалту бағытына жауапты қала және аудан дін қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағытының облыс бойынша жауапты меңгерушісі Данияр Ерікұлы баяндама жасап, бағыт аясында жүзеге асырылатын жоспарлар мен алдағы іс-шараларға тоқталды.
Жиын барысында жат діни ағымдардың алдын алу, діни оңалту жұмыстарын жүйелі жүргізу және дін қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасуы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары пысықталып, бағыт бойынша атқарылатын міндеттер нақтыланды.
Семинардың негізгі мақсаты – жат діни ағымдардың алдын алу жұмыстарын жетілдіру, діни тұрақтылықты нығайту және өңірдегі оңалту жұмыстарының тиімділігін арттыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы