Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАБАС КЕНТІНДЕ «ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ТІРІГЕ МІНДЕТ» АТТЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
ҚАРАБАС КЕНТІНДЕ «ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ТІРІГЕ МІНДЕТ» АТТЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің ұйымдастыруымен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» тақырыбы аясында зират басында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Игі шараның негізгі мақсаты – ата-баба рухына құрмет көрсету, зират аумағының тазалығын сақтау, сондай-ақ қоғам арасында тазалық мәдениеті мен рухани құндылықтарды насихаттау.
Тазалық шарасы барысында зират аумағындағы қоқыстар жиналып, айналаны ретке келтіру және қорымның тазалығын сақтау бағытында жұмыстар атқарылды.
Аталған игі бастама – халқымыздың дүниеден өткендерге құрмет көрсету дәстүрін дәріптеп, көпшілікті бірлікке, жауапкершілікке және сауапты істерге үндейтін маңызды шаралардың бірі.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz