Center Image
IHSAN.KZ
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНДА 15 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНДА 15 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлының ұйымдастыруымен «Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 15 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Игі шараның негізгі мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қайырымдылық жасау мәдениетін кеңінен насихаттау.
Қайырымдылық шарасы барысында отбасыларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері табысталып, оларға жанашырлық пен қамқорлық көрсетілді.
Аталған сауапты бастама – ислам дініндегі өзара жәрдемдесу, бауырмалдық пен ізгілік қағидаттарын жүзеге асыруға бағытталған игі істердің бірі.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz