ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданына қарасты Петровка ауылдық мешітінің ауласында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Игі шараға мешіт жамағаты белсене атсалысып, бірлесе сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Сенбілік барысында мешіт ауласы қоқыстардан тазартылып, айналасы ретке келтірілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – мешіт аумағының тазалығын сақтау, қоршаған ортаға жанашырлық таныту және жамағат арасында бірлік пен ынтымақты нығайту.
Мұндай игі бастамалар ислам дініндегі тазалыққа мән беру қағидатын дәріптеп, көпшілікті қоғамдық орындарды таза ұстауға және ортақ іске жауапкершілікпен қарауға үндейді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы