Center Image
IHSAN.KZ
«ТАЙҚАЗАН» ЖОБАСЫ: ЕКІ ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ
«ТАЙҚАЗАН» ЖОБАСЫ: ЕКІ ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ
Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлының ұйымдастыруымен «Тайқазан» қайырымдылық жобасы аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 2 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Игі шараның негізгі мақсаты – тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу және қайырымдылық мәдениетін кеңінен насихаттау.
Қайырымдылық шарасы барысында екі отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері табысталып, оларға қамқорлық көрсетілді.
Айта кетейік, «Тайқазан» жобасы – мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қоғамдағы өзара жанашырлық пен бауырмалдықты нығайтуға бағытталған игі бастамалардың бірі.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz