Center Image
IHSAN.KZ
ШЕТ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕР МЕШІТКЕ УАҚЫП ЖАСАДЫ
ШЕТ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕР МЕШІТКЕ УАҚЫП ЖАСАДЫ
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітіне жергілікті кәсіпкер Ерлан Түсіпханов уақып ретінде арнайы құрал-жабдық табыстады.
Атап айтқанда, кәсіпкер мұсылман қауымының игілігі үшін қабір қазу жұмыстарына қажетті арнайы электрлі бұзу балғасын (отбойный молоток) сатып алып, мешітке уақып етті.
Бұл игі бастама жерлеу рәсімдері барысында қабір қазу жұмыстарын жеңілдетуге, сондай-ақ мешіттің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған.
Айта кетейік, уақып – ислам дініндегі сауабы үзілмейтін қайырымдылық түрлерінің бірі. Халық игілігіне арналған мұндай сауапты істер қоғамда жомарттық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге ықпал етеді.
Шет аудандық «Жанқұтты би» мешіті кәсіпкер Ерлан Түсіпхановқа көрсеткен қолдауы мен сауапты ісі үшін алғыс білдіріп, Алла Тағаладан кәсібіне береке, отбасына амандық тіледі.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz