Center Image
IHSAN.KZ
«ТАЙҚАЗАН» ЖОБАСЫ: ШЕТ АУДАНЫНДА 20 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ
«ТАЙҚАЗАН» ЖОБАСЫ: ШЕТ АУДАНЫНДА 20 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен «Тайқазан» қайырымдылық жобасы аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 20 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Игі шараның негізгі мақсаты – тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қайырымдылық пен өзара жәрдемдесу мәдениетін кеңінен насихаттау.
Қайырымдылық шарасы барысында 20 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері табысталып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетілді.
Айта кетейік, «Тайқазан» жобасы – ислам дініндегі бауырмалдық, жомарттық және өзара көмек көрсету қағидаттарын дәріптеп, қоғамдағы мейірімділік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған игі бастамалардың бірі.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz