Center Image
IHSAN.KZ
«ТАЙҚАЗАН» ЖОБАСЫ: "ТӨЛЕУТАЙ АТА" МЕШІТІ ҮШ ОТБАСЫҒА ЕТ ҮЛЕСТІДІ
«ТАЙҚАЗАН» ЖОБАСЫ: "ТӨЛЕУТАЙ АТА" МЕШІТІ  ҮШ ОТБАСЫҒА ЕТ ҮЛЕСТІДІ
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде «Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 3 отбасыға ет үлестірілді.
Игі шараның негізгі мақсаты – тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету, мұқтаж жандарға қамқорлық таныту және қоғамда қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын кеңінен насихаттау.
Қайырымдылық шарасы барысында үш отбасыға ет өнімдері табысталып, олардың күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге қолдау көрсетілді.
Аталған сауапты бастама – ислам дініндегі жомарттық, бауырмалдық және өзара жәрдемдесу қағидаттарын дәріптеуге бағытталған игі істердің бірі.
«Тайқазан» қайырымдылық жобасы алдағы уақытта да мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, қоғамдағы мейірімділік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған игі шараларды жалғастыруды мақсат етеді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz