Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРҚАРАЛЫ ЖАМАҒАТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
ҚАРҚАРАЛЫ ЖАМАҒАТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешіті жамағатының ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Игі шара аясында тұрмысы төмен отбасылар мен қамқорлыққа мұқтаж балаларға азық-түлік пен киім-кешек үлестіріліп, әлеуметтік қолдау білдірілді.

Қайырымдылық шарасына Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы арнайы қатысып, мұндай игі бастамалардың қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

Аталған шара мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда өзара көмек пен бауырмалдық құндылықтарын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz