Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Зекетті кім беруі керек?
16 шілде, 2021 жыл 1899 Басып шығару нұсқасы

Зекет – тек материалдық көмек беру емес, ол ең әуелі мұсылманға жүктелген үлкен ғибадат. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Мал – мүліктеріңді зекетпен қорғаңдар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (Ат-Табарани)- деген хадисі көп нәрсені аңғартса керек.

 Зе­кет­тің бел­гі­лі бір адам­ға па­рыз бо­луы үшін тө­мен­де­гі шар­ттар­дың орын­да­луы тиіс.

1. Мұ­сыл­ман бо­луы

Бас­қа ғи­ба­дат­тар сияқ­ты зе­кет ғи­ба­да­тын­да да бе­ру­ші адам­ның ақыл-есі дұ­рыс, ба­ли­ғат жа­сы­на жет­кен, азат мұ­сыл­ман бо­луы шарт. Мұ­сыл­ман мем­ле­ке­тін­де өмір сү­ре­тін бас­қа дін­ді ұстану­шы­лар­ға жә­не ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­лар мен ақыл-есі дұ­рыс емес­тер­ге зе­кет бе­ру па­рыз емес.

Ха­на­фи мәз­һа­бы­нан тыс бас­қа мәз­һаб­тар­да ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­лар мен ақыл-есі дұ­рыс емес­тер­ге де зе­кет бе­ру па­рыз. Олар­дың мал­да­ры­ның зе­ке­тін уа­лийле­рі бе­ре­ді.

 2. Ни­сап кө­ле­мі­не же­те­тін не­ме­се одан да көп байлық­қа ие бо­лу

Зе­кет­тің па­рыз бо­луы үшін күн­де­лік­ті тір­ші­лік­те қол­да­ны­ла­тын не­гіз­гі қа­жет­тер мен қа­рыз­дар­дан тыс, ни­сап кө­ле­мі­не же­те­тін бай­лық­қа ие бо­луы ке­рек. Ни­сап де­ге­ні­міз – зе­кет­ті па­рыз ете­тін бел­гі­лі бай­лық мөл­ше­рі.

«Нисаб мөлшері» деп, зекет парыз болатындай белгілі байлық мөлшерін айтамыз. Алтынның нисаб мөлшері - 85 грамм. Ақша немесе сауда тауарларының нисаб мөлшерін анықтайтын кезде, алтын немесе күмістің нисабы негізге алынады. Дәлірек айтқанда, күнделікті негізгі қажеттіліктер мен қарыздардан тыс жинаған ақшаның мөлшері ең кемі 85 грамм алтынға тең келетін сомаға жетіп, бір жыл өтісімен (мөлшері азаймаса) зекетін 2,5% соммадан ес ептеп беруі тиіс.

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың  түр­ле­рі мен зе­кет  бе­ру­ді па­рыз ете­тін ни­сап кө­ле­мі

 Ал­тын­да: жиыр­ма ди­нар, яғ­ни, 85 грамм

 Кү­міс­те: екі жүз дир­һам, яғ­ни, 595 грамм

 Түйеде: бес

 Сиыр­да: отыз

 Қой мен еш­кі­де: қы­рық

 Сауда зат­та­рын­да: 85 грамм ал­тын не­ме­се 595 грамм кү­міс­тің құ­ны­на тең бол­са.

Ақ­ша­да: 85 грамм ал­тын не­ме­се 595 грамм кү­міс­тің құ­ны­на тең бол­са

Бау-бақ­ша жә­не егіс өнім­де­рі

3. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың өсім­ді­лі­гі

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың өсім­ді бо­луы олар­ды күн­де­лік­ті өмір­де қа­же­ті­міз­ге қол­да­ну мақ­са­ты­мен емес, иесі­не кі­ріс кір­гі­зу мақ­са­ты­мен қолға ұс­та­луы. Мы­сал­ға, сауда зат­та­ры­ның сауда жа­сау ар­қы­лы, мал-жа­нуар­лар­дың төл­деу ар­қы­лы, егіс, бау-бақ­ша­ның же­міс бе­ру ар­қы­лы иесі­не кі­ріс кір­гі­зуі сияқ­ты. Ал­тын, кү­міс, ақ­ша, әше­кей бұйым­дар­мен сауда жа­сап, кі­ріс кір­гі­зуі мақ­сат етіл­ме­се де, олар­дан зе­кет бе­ру па­рыз. Яғ­ни, олар­дың өсім­ді бо­луы шарт емес.

4. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлыққа бір жыл толуы

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлыққа ай санауы­мен бір жыл то­луы ке­рек. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ха­ди­сін­де: «Бір жыл тол­май байлыққа зе­кет бе­ріл­мейді»[2], – дейді.Бір жыл – зе­кеті бірілетін дүние, мал­да­рдың кө­бейіп, өсе­тін уақы­ты.

5. Қа­рыз бол­мауы

Адам­дар­ға бол­ған қа­рыз­дың бар­лық тү­рі – зе­кет­тің па­рыз­ды­ғы­на бө­гет жа­сайды. Мы­сал­ға, бір адам не­гіз­гі қа­жет­те­рі­нен тыс 100 грамм ал­тын­ға ие бол­ды де­лік. Бі­рақ бұл адам­ның бас­қа бі­реуге 20 грамм кө­ле­мін­де қа­ры­зы бол­са, бұл адам­ға зе­кет па­рыз емес. Өйтке­ні, қа­рыз­дан тыс қал­ған мал­дың мөл­ше­рі ни­сап кө­ле­мі­не (85 гм ша­ма­сын­да­ғы ал­тын­ның құ­ны) жет­пейді.

Ал­дың­ғы бір жыл не­ме­се бір­не­ше жыл үшін беріл­ме­ген зе­кет есе­сі қа­рыз­ға жа­та ма?

Бір жыл не­ме­се бір­не­ше жыл үшін бе­ріл­ме­ген зе­кет есе­сі қа­рыз бо­лып са­на­ла­ды жә­не мін­дет­ті түр­де өте­луі тиіс. Өтел­ген­нен кейін қал­ған ақ­ша­ның құ­ны ни­сап мөл­ше­рі­не же­тіп жат­са ға­на сол жыл үшін зе­кет бе­рі­ле­ді.

6. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлыққа то­лық ие бо­лу

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін бай­лық­қа зе­кет бе­ру­ші адам то­лық ие бо­луы ке­рек. Яғ­ни, иесі­нің иелі­гін­де жә­не қо­лын­да тұ­рып, қа­ла­ған уа­қыт­та қол­да­на ала­тын­дай мүм­кін­дік­те бо­луы ке­рек. Мы­сал­ға, бас­қа бі­реуге ке­піл­дік­ке бе­ріл­ген затқа зе­кет бе­ріл­мейді. Өйтке­ні, ке­піл­дік­ке бе­ріл­ген зат, иесі­нің иелі­гін­де де­сек те қа­ла­ған уақы­тын­да қол­да­на ал­майды.

Са­тып алы­нып, әлі қо­лы­на тие қойма­ған затқа зе­кет бе­рі­ле­ді. Өйтке­ні, са­тып алын­ған заттың са­тып ал­ған адам­ның қо­лы­на тию пайызы ба­сы­мы­рақ.

 

 

Нуров Махмуд қажы Нурұлы

Бала қажы мешітінің бас имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары