Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ризашылық
23 шілде, 2021 жыл 271 Басып шығару нұсқасы

Сахаба Сағд ибн Ас Мадина қаласында көше бойлап келе жатып, бір үйден су сұрайды. Үй иесі оған бір кесе су беріп шығарып салады. Келесі жолы сол үйдің жанынан өтіп бара жатып: «Кім көбірек береді?», – деп жар салып жатқан дауыс естиді. Қызметкеріне: «Барып сұрашы, не болып жатыр екен?», – деп жібереді. Қызметкері үй иесінің қарызы бар екенін айтады. Сағд ибн Ас дереу сол үйге барып, үйге кірсе, қарызын сұрап келген кісі отыр екен. Үйдің қожайынынан мән-жайды сұрай келе берешек төрт мың динары бар екендігін білген соң лезде қызметкерін өзінің үйіне жөнелтеді. Қызметкер жігіт бір қалта динар алып келеді. Сахаба сол жерде әлгі су беріп көмектескен кісінің төрт мың берешек қарызына көмектесіп, қалған ақшаны үй иесіне беріп кетеді.

Міне, бұл үй есінің шын пейілмен берген бір кесе суы үшін білдірген алғысының қарымтасы болатын.

Адамдарға алғыс айту, Аллаға шүкірлік еткенмен бірдей. Егер өзіміз біреуге жақсылық жасар болсақ, олардан алғыс күтпеу керек. Жақсылыққа жақсылықпен қайтару әр мұсылманның ісі. Шүкірлік берекені арттырады. Осы ретте дұға келтірсек:

Алла Елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Муаз ибн Жәбәлді (р.а.) Йеменге аттандырып жатқан сәтінде үйреткен дұғасы:

اللَّهُمَّ أَعِنِّي عَلَى ذِكْرِكَ وَشُكْرِكَ وَحُسْنِ عِبَادَتِكَ

«Уа, Алла Тағалам! Сені (тұрақты) еске алуға, Саған шүкір етуге және Саған көркем құлшылық жасауға жәрдем бер!». 

Шүкірі көп адамның алғысы да көп болмақ. Алғыс айту – халықтың жан ділі психологиясының қуатты болмысын дәлелдейтін, ризалық сезімін білдіретін бата-тілек дәстүрі. Белгілі әдебиеттанушы, тілші ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз» – деген еді.  Кең пейілді қазақ халқы қашан да алғыс айтудан қашпаған. Халық арасында «алғыс – бата» деген ұғым бар. Көпті көрген ақсақалдар жастарға алғысын білдіріп, жасаған іс-әрекеттеріне көңілі толып, «Қолыңды жай, балам, батамды берейін, алғысымды білдірейін» деген. Бұл – үлкен тәрбие. 

Құранда: «Содан көп ұзамай қос бойжеткеннің біреуі имене басып келді де: «Сізді әкем шақырып жатыр. Бізге қолұшын беріп, малымызды суарып бергеніңіз үшін ақыңызды бермек» – деді»[1]. Аяттың қысқаша түсіндірмесі: Мұса (ғ.с.) бейтаныс бойжеткендерге қолұшын беріп, жәрдем еткен кезде ақы алу ниетінде болмаған еді. Бірақ, жер бетіндегі Алла Тағаланың қойған заңдылық әдебіне сәйкес қыздардың әкесі жәрдемдескен ер азаматқа алғыс ретінде сыйақы беруді қалады. Мұсылман үмметіне адамдарға алғыста болудың маңыздылығын Раббымыз осы аятта  үйретіп, баян еткен.

Оқып отырғаныңыздай, Алла Тағала әр істе ризалық танытып, алғыс білдіруді қалайды. Адамның абыройы да құрметі де шын көңілден танытқан ризалығынан рта түспек емес пе. Олай болса, жанымыздағы адамдарға және Алла Тағалаға бар берген нығметі үшін ризашылығымызды білдіріп, шүкірімізді арттырып жүрейік.

Айтқазин Рауан

Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары