Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымыздың (с.ас) балуан Руканамен күресуі
06 тамыз, 2021 жыл 267 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыздың күрескені жайлы деректер көп. Соның бірегейі Мекке тұрғыны, ешкімнен жеңіліп көрмеген күрес шебері, балуан Рукана ибн Әбд Язидпен белдесуі еді.

 Ибн Исхақ бұл оқиға туралы: «Бірде Пайғамбар (ﷺ) Руканамен кездесіп қалып, былай деді: «Ей, Рукана, Алладан қорқасың ба әрі менімен жекпе-жекке шыққың келе ме? Егер мен жеңсем, Алланың бірлігі мен Пайғамбарын мойындайсың ба?» деп сұрады. Рукана келісімін берді.
⠀Пайғамбарымыз (ﷺ) онымен күресіп, Рукананы жеңіп кетеді. «Жеңілген күреске тоймайды» демекші, Рукана Алла елшісін қайтадан жекпе-жекке шақырады. Сөйтіп олар үш рет күресіп, барлығында Алла Елшісі (ﷺ) жеңіске жетеді.

 Жеңіліп көрмеген Рукана осы оқиғадан кейін Исламды қабылдаған. Кей деректер бойынша Мекке қаласы алынғаннан кейін Рукана да мұсылман атанған. (әл-Хаким, Әбу Дәуіт және әт-Тирмизи).

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары