Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ИГІ ІСІ КӨПКЕ ӨНЕГЕ ЗАҢҒАР ТҰЛҒА
26 қазан, 2021 жыл 265 Басып шығару нұсқасы

                                    Игі ісі көпке өнеге заңғар тұлға

 

     Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.   Қазақ халқының жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық пен кеңпейілдік. Жомарт болу - өзіңде барды әр адаммен шын жүректен бөлісу. Ал, қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен ізгіліктің анық көрінісі. Адамның айналасындағы өзге адамдарға деген ықыласы мен көмегі, адамгершілік қарым-қатынастары кісілік келбетін көріктендіріп тұрады. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі — рухани-экономикалық жағы, екіншісі — іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу. Сондай елжанды асыл азаматтың бірі де, бірегейі Шахан  кентінің тұрғыны Ибкеев Сапар Көшкенұлы. Кәсіпкер Сапкең елдің ахуалын жақсарту және рухани әлеуетін арттыру үшін көптеген игі істердің ұйтқысына айналды. 2015 жылы   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы  "Қарағанды облысының ең жомарт кәсіпкері" атты марапатына ие болды. Ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан.

Алла Тағала:«Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған.

 Осындай сауапты һәм игі істердің жүзеге асуына мұрындық болған Сапар Көшкенұлы қайырымдылыққа толы шаралардың жүзеге асуына үлкен мән береді. Өзі тұратын аймақ мешітінің күрделі жөндеуден өтуіне ықпал жасап, бүгінгі күнге дейін оның ішкі сыртқы жұмыстарына тиісінше жәрдемін жасап келеді. Сонымен қатар, кез - келген көмек сұрап келген жекелеген жандарға да қолынан келген көмегін аянып қалмайды. 

Қазақта «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» ,-деген сөз бар. Облысымызда діни руханият тұрғысында атқарылып отырған істердің айналасынан текті тұлға Сапкеңнің қолтаңбасы көрініп тұрады. Осы үлгілі ісі арқылы  өз ұрпағына да қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулып отырған атпал азамат. 

Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары