Тілдік нұсқа
Радио

мақала

шынайы ықылас
20 маусым, 2024 жыл 511 Басып шығару нұсқасы

Аса қамқор әрі мейірімді де мейірбан Алланың есімімен бастаймыз.Бізді жоқтан бар еткен әрі жаратылыстардын көркемі қылған Аллаға сансыз мақтаулар болғай. Сүйікті Пайғамбарымызға салауаттар мен сәлемдер болсын!

 

Өмірді Алла разы болатындай өмір сүру қажетпіз. Бұл өмірде барлығы жақсы болса, басымызға ешқандай қайғы –қасірет келмесе қалайша біз Аллаға деген мұқтаждықты сезінеміз. Ол мүмкін емес. Мүмін адам қиыншылықпен бірге молшылықпен де сыналады. Екі халде де Раббымызбен байланысымыз өзгермеу керек. Ал, оған қажет болатын бір-ақ нәрсе бар. Ол әлбетте ықылас.

Ықылас адам бойындағы басты қасиеттердің бірі. Ықылас адам бойындағы мақтауға тұрарлық, абыройы зор, көркем мінездердің қадірлісі. Исламдағы ықылас дегеніміз –сенімде де, құлшылықта да, басқа істерде де болсын, пендеден шынайы ниетті тек Алланың разылығын ниет етіп істеген, істердің қабыл болуына түрткі болатын байланыс. Ал ықыластың негізгі шарты –шынайы ниет.Егер ниетке ықылас қосылған болса,  серік қосу, рия және екіжүзділіктен ада болады. 

 

أَنَّهُ سَمِعَ عَلْقَمَةَ بْنَ وَقَّاصٍ اللَّيْثِيَّ، يَقُولُ: سَمِعْتُ عُمَرَ بْنَ الخَطَّاب عَلَى المِنْبَرِ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ، وَإِنَّمَا لِكُلِّ امْرِئٍ مَا نَوَى  

Алқама ибн Уаққастан  Омар ибн ал-Хаттабтың мінберде Пайғамбарымыздан былай деп айтқанын естігенін жеткізеді: « Амалдар ниетке байланысты. Кімде –кім  нені ниет еткен болса, соған жетеді». Алла Тағала Құранда өзінің құлына екі жағдайда ықыласты болуды әмір еткен.

  1. Құлшылықта ықыласты болуымызды.

Бұл жайында Құран Кәрімнің Зумәр сүресінің  2-ші аятында келтіреді:

 

إِنَّآ أَنزَلۡنَآ إِلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ بِٱلۡحَقِّ فَٱعۡبُدِ ٱللَّهَ مُخۡلِصٗا لَّهُ ٱلدِّينَ  

«Біз саған осынау кітапты ақиқаттың нақ өзі етіп, лайықты түрде түсірудеміз. Ендеше, осынау хақ дінді шын жүректен толық қабылдап, бар ықыласыңмен бір Аллаға ғана құлшылық ет» .

  1. Дұға қылған уақытта ықыласты болуымызды. Бұл жайында Құран Кәрімнің Ағраф сүресінің 29-шы аятында баяндайды:

وَأَقِيمُواْ وُجُوهَكُمْ عِندَ كُلِّ مَسْجِدٍ وَادْعُوهُ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ

«Әрбір құлшылық орнында һәм құлшылық уақытында жүздеріңді Аллаға қаратыңдар һәм құлшылықта оның разылығынан өзге еш нәрсе көздеместен оған шын жүректен жалбарыныңдар». Ықылас жайында керемет қисса баяндай кетсек.Ертеде бір хан ел билеген екен. Бір күні түсінен қатты шошып оянып кетеді.Таңертең уәзірін шақырып: Дайындал. Сарайдан сыртқа шығамыз депті. Екеуі қарапайым киiм киіп, ел аралай бастайды. Бір Ауылға жеткенде, түсінде көрген жерін танып, тоқтайды. Адамдар көп, бәрі өз тіршілігін жасап жүр. Жерде бір адам өліп жатыр. Бiрақ оған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Сонда Хан жергілікті адамдардан: Ей Адамдар. Бұл кім. Неге бұлай тапталып қор болып жатыр - деп сұрапты. Бұл адам араққұмар біреу. Ол ешкіммен араласқан емес. Онымен 40 жылдан бері көрші тұрамын. Бірақ көрші болып бас қосқан емеспіз. Өзі  нағыз ағаш шебері. Таң атқаннан кешке дейін жұмыс жасайды. Бірақ тапқанына қай жерде арақ болса сатып алады. Тіпті үйіне жөзекшелерді ертіп барa жатқанын көретінмін.Ешбір адамға жақсылығы тимеген. Сондықтан да осылай жатыр.Адамдар жан-жаққа тарап кетті. Жүріңіз, Хан ием, біз де кетейік. Жоқ. Менің түсіме бұл адам неге кіргенін түсінбедім. Алла маған оны жерле деп аян етті. Мен Алланың қалауын орындаймын. Тек оны жуындыратын жер керек. Жүр, оны мешітке алып барайық.  Мешітке алып барса, мешіттің имамы: Бұл адамды кіргізе алмаймын. Ол Аллаға қарсы шықты. Алла оның жазасын берді, - деп жолатпайды. Хан оны көрші ауылдағы мешітке алып барады. Ол мешіттің имамы оны көргенде жылай бастайды. Сонда хан: Сіз оны танисыз ба . Иә. Ол өте жақсы адам еді. Намазын уақытында оқып, Алланың жолында жүрген адам болатын, - дейді. Үшеуі оның жаназасын шығарып жерлейді. Хан неге адамдар ол жайында әртүрлі пікір айтады. Шын мәнінде қандай адам болды екен деп қызыға бастайды. Сұрастырып жүріп, үйіне барады. Есікті бір әйел ашады. Хан оған күйеуiн жерлеп келгенін, барлық мән-жайды баяндайды. Әйел көзіне жас алады. Сіздің жолдасыңыз қандай адам еді. Мен онымен мақтанамын. Ол өз жанын Алланың жолында құрбан етті. Бірақ көршілеріңіз теріс пікірде ғой. Олардың айтуы бойынша араққұмар, қатынқұмар болған екен. Ешбір адамға көмегі тимеген деп наразы. Мырза, олар жолдасым қандай жақсылық жасағанын қайдан білсін. Иә, ол арақ бар десе жанын беріп болса да сатып алатын. Бiрақ өзі ішкен емес.Өзгелер ішпесін деп ауылдағы бүкіл арақты сатып алып, дәретханаға төгетін.  Иә, ол жөзекшелерді үйге әкелетін. Бірақ олармен бірге болған емес. Өзгелер олармен бірге болып, күнәға батпасын деп, оларды үйге әкелетін. Мен сендердің уақыттарыңды сатып алдым. Ол уақытты қалай өткізсем де өз еркім дейтін. Түніменен оларға Алланы насихаттап, имандылыққа шақыратынбыз. Соның арқасында жеңіл жүрісті әйелдер біршама азайып қалған еді. Бірақ неге көршілерге ештеңе айтпаған. Мен оған қаншама рет айттым. Елге шыныңды айт. Олар теріс пікірде. Ертең біз дүние салсақ, кім жерлейді  - деп. Бірақ ол тыңдамады. Менің жақсылығымды Алла көріп тұр. Маған сол жеткілікті. Адамдар қалай ойлатынында шаруам жоқ. Ең бастысы Алланың алдында арым таза. Адамдарға айтып олардың қошеметіне ие болу мен үшін қажет емес. Ақыретте Алланың қошеметі қажет. Сені кім жерлейді деп қорықпа. Алла сүйген құлын ешқашан ит-құсқа жем етпейді. Мен Аллаға сенем. Егер Алладан әмір келіп жатса, тіпті ханның өзі жерлеуі мүмкін -деп күлетін. Ол намазын көрші ауылдағы мешітке барып оқитын. Неге өзіміздің ауылдағы мешітте оқымайсың  десем, бар жан-тәніммен Аллаға берілген имамның артында тұрып намаз оқып жатып, көзімді жұмғанда қағба көрінгендей болады  дейтін. Бұдан шығатын қорытынды: Құдайға шын жүрегімен берілген жанды Алланың қараусыз қалдырмайтыны.  Құдайға деген көңіліміз ақ болса, Оның да бізге берері таусылмақ емес.

Сөзімізді қорыта  намазды шын ықыласпен дұрыс оқи алсаңыз, екі дүниеде сізден бақытты адам жоқ. Барлық ісіңіз оңға басады.

Уа, Жаратқан Раббым!  Бізді де ықыласты құлдарыңның қатарынан ете гөр. Әрбір ісімізді шынайы ықыласпен орындап, құлшылықтарымыздың, дұға-тілектеріміздің қабыл болуын нәсіп ет.

 

 «Төлеутай Ата»  мешітінің имамы Рауан Төлеуқұлұлы

 

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары