Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Халқым аман болсын десеңіз – тату болыңыз
24 қаңтар, 2022 жыл 222 Басып шығару нұсқасы

Бүкіл мақтау мадақтау Әлемдердің Раббысы болған Алла  Тағалаға тән. Алла Тағаланың сүйікті елшісі, адамзаттың ардақтысы, соңғы пайғамбары  Мұхаммедке (ﷺ)  Алланың сәлемі және мейірімі  болсын! 

Адамдарға мейіріммен қарау, дауласқанды татуластыру, көршімен қарым-қатынаста болу мұсылманды нұрландыратын әрекеттер. Ислам діні татулық мен мейірімділікке шақырады. Тарихқа үңілсек адамдар арасындағы тең дәрежелік, ердің отбасындағы, қоғамдағы орнын айқындау, әйелдердің құқығын сақтау, мәдениеттілік пен білімді жоғары қою сынды құндылықтардың Ислам дінінен өзек алғанын көреміз. Ел мен елді, бауыр мен бауырды тату ету де ислам дінінің негізі десек болады. Көршімен-көрші, ел мен ел тату болса, әлемде бейбітшілік орнайды. Ағайын-туысты татуластыру да үлкен сауапты амал. Сәһл ибн Сағдтан (р.а.) жеткен хадисте Құба тұрғындары төбелесіп қалып, тіпті бір-біріне тас лақтырған. Бұл туралы Алла елшісіне (ﷺ) айтылғанда, ол сахабаларына: «Жүріңдер, оларды татуластырайық», - деген (Бұхари).

Бұл хадис кез-келген дау үстіндегі адамдарды бір-бірімен ортақ тіл табыстыруға күш жұмсаудың қажеттігін меңзейді. Сондықтан, жастар арасында, қоғамдық орындарда, мешіттерде шу шығармай, бейбіт келісіммен жол табу қажет. Жалпы зайырлы елміз деген бір бағытты ұстану деген сөз емес. Яғни, дін жолында жүрмін деп ата-ана, туыс-жақыннан алыстау .лкен қателік болады. Немесе зайырлы елміз ғой деп, өзін діннен бөлек ұстау да қателікке ұрындыруы мүмкін. Өйткені, ислам діні арқылы Алланы таниды, тіпті пенде өзінің не үшін жаратылып, не үшін өмір сүріп жатқанын да исламның шеңберінен іздесе, жақсы түсінік қалыптасады. Осы мақсатта еліміздің әрбір азаматы өзі ұстанған бағытта дұрыс жүрсе дейміз. Яғни, қай дін өкілі болмасын, қай ұлт болмасын біз ешкімді мына дінді ұстан емесе осы саясатты ұстан деп күштей алмаймыз. Әркімнің таңдауы өзінде. Елімізде бүгінгі таңда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бейбітшілік пен тұрақтылықы ұстап, елдің бірлігін сақтап отыру әрбір адамның құқығы. Тек тура жолда жүргенді адастырмай, ақылмен әрекет етуге шақырамыз. «Бүлік шығару – кісі өлтіруден де ауыр күнә» делінеді «Бақара» сүресінің 191-аятында. Дүние рахаты үшін баланы ата-анадан, ананың перзенттен айыру үлкен күнә! Дүниенің құлы емес, Алланың құлы екенімізді әсте естен шығармағанымыз абзал.

Алла Тағала Құранда: «Түп-түгел Алланың жібінен (дінінен) бекем ұстаңдар да, бөлінбеңдер», («Әли Имран» сүресі, 103-аят)  - деген. Біздер Қазақстанның азаматы ретінде бірігіп, ұжымдаса, ауызбіршілікте өмір сүруіміз қажет. Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір» – деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, діні басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, азаматтық бейбітшілікті сақтап, татулық пен сенімділікті серік етудің арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері қадам басып келеді.

Еліміз тыныш, берекелі болғай. Алла Тағала барша амалдарымыздың сауабынан беріп, тілек-дұғаларымызды қабыл еткей!

Нуров Махмуд қажы Нурұлы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары