Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тыныштықтың кілті – бауырмалдықта жатыр
24 қаңтар, 2022 жыл 118 Басып шығару нұсқасы

Жалпы мұсылман мен мұсылманның арасындадағы бауырмалдықтың нығайуына және одан тежейтін әртүрлі рухани дерттерден адам өзін және нәпсісін сақтауға көмек беретін мына төмендегі ережелерге көңіл бөлген абзал.

 1. Бауырыңды Алла үшін жақсы көру.

Яғни басқа дүниелік мақсат үшін емес тек Алла разылығы үшін жақсы көру. Егер бір мұсылманды жақсы көргенде Алланың разылығы емес, адамның биік мансабы, абыройы, байлығы себеп болса ол Алла қалаған бауырмашылыққа жатпайды.

2. Бауырыңа өшпенділік, көреалмаушылық жасамау.

Шындығында, мұсылман адам – жаны таза, қоршаған ортасына арамдығы жоқ, тіпті кешкілік төсегіне жатарда: «Йя, Алла, жан баласына деген жамандық, өшпенділік және көреалмаушылық деген жаман қылықтардан бойымды тазарттым. Куә бол!» деп айтып жатқан жөн.

Абу Хурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алланың Елшісі (с.ғ.с.): «Бір-біріңе көре алмаушылық пиғылда болмаңдар, бағаларды көтермеңдер, бір-біріңді жек көрмеңдер, бір-біріңе арқаларыңды қаратпаңдар, бірің біріңнің саудасының үстінен сауда жасамаңдар, бір-біріңе бауыр болыңдар»,- деген.

Бірде Абдулла ибн Мубарактың мәжілісіне бір кісі келіп, бір мұсылман жайлы ғайбат айта бастады. Сонда оған Абдулла ибн Мубарак: «Сен өзің римдықтармен немесе парсылармен болған соғыстарда болып пе едің?»-деді. Әлгі кісі: «Жоқ», - деп жауап қаты. Сосын Абдулла ибн Мубарак оған: римдықтар да, парсылар да сенен аман қалып, ал мынау мұсылман бауырың сенен құтыла алмаған екен»,-деп, астарлап насихат айтқан.

4. Бауырыңның айыптарын жауып, қателіктерін кешіре білу.

Бауырың күнәдан пәк періште де, пайғамбар да емес сондықтан кейбір қателіктеріне кешіріммен қарау өте маңызды. Ғұламалар адамдарды екі топқа бөлген. Біріншісі: адамдардың арасында жақсы істермен танылып, күнә істерден алыс болумен белгілі болған кісілер. Мұндай кісілердің жіберген кейбір кемшіліктерін көрсе де көрмегенсіп кешіріммен қарау міндет. Ал, екіншісі: күнә саналған істерді жарыса жасап, әрі жария істейтін, не Құдайдан да, адамдардан да ұялмайтын адамдар. Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Тілімен иман келтіріп, иманы жүрегіне жетпегендер, мұсылмандарды жәбірлемеңдер, балағаттамаңдар, олардың кемшіліктерін іздемеңдер! Шындығында Алла мұсылман бауырының кемшілігін аңдығанның өзінің кемшілігін әшкере етеді. Ал Алла кімнің кемшілігін әшкере етер болса, ол үйінің ортасында жасырынып отырса да масқарасын шығарады»,-деді.

Ағайынмен аралас-құралас болуы қазақ үшін жат емес. Тек соны үзіп алмай, ары қарай жалғастырып, ұрпаққа өнеге ету керек. Сальман бин Әмір (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын жеткізді: «Кедейге садақа беру ол тек қана садақа, ал туысқанға көмектесу ол екі нәрсе – садақа және туысқандық қарым-қатынасты ұстану»  (Ат-Тирмизи).  Ақиқатында, асыл дініміз бауырмашылдық пен кеңпейілділік, бейбітшілік пен татулық, игі қарым-қатынас пен көркем мінез, жақсылық пен тақуалық және өзара жәрдемдесу секілді ізгілікті істердің бәрін өз ішіне қамтыған. Мұсылмандардың бауырмашылдығы берік болса, алынбайтын қамал, өте алмайтын асу болмайды.

 

Төлтаев Ербол Мұқанұлы

Балқаш қалалық мешітінің имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары