Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Елім тату болсын десең, бауырыңмен тату бол
24 қаңтар, 2022 жыл 250 Басып шығару нұсқасы

Алла Тағала Хұжрат сүресінің 10-аятында «Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер», деді.

Туыспен байланыста болу мұсылманды Жәннатқа кіргізетін амалдардың бірі болып табылады екен. Абу Айнуб Халид бин Зайд аль-Ансари (р.а.) былай деді: «Бірде бір адам Пайғамбарға (ﷺ) келіп: «Маған Жәннатқа кіруіме көмектесетін бір амал айтшы», – деді. Пайғамбар (ﷺ): «Аллаға құлшылық ет те Одан басқа ешкімге құлшылық етпе, намаз оқы, зекет төле және туысқандық қарым-қатынасты ұстан»,– деді (Бухари, Муслим). 

Бұл аяттан ағайын, туыс, бауырмен қарым-қатынасты берік ұстанып, байланысты үзбеу керектігін және араздасқан туыспен тез татуласы және ренжіскендерді татуластыру қажеттігін түсінеміз. Ұлы бауырластықтың белгісі өз бауырыңа пайдалы болуды қалауың. Жеке басыңызға жеткен бір пайдалы нәрсе сізді қалай қуантар болса, діндес бауырыңызға пайдалы болу соншалықты дәрежеде сізді шаттандыруы қажет. Егер діндегі бауырыңызға бір пайда кетіру үшін тер төгетін болсаңыз сіз Аллаға ең сауабы мол ең шынайы құлшылықпен жақындай түскеніңіз, деп жазады Мұхаммед Ғазали. Мұхаммед пайғамбарымыз да (сас) өте бауырмал жан болды. Оның бауырмалдығы жан-жағына үлкен тәрбие еді.

Абдулла бин Аббас (р.а.) Алла елшісі мешітінде итикаф құлшылығында еді. Бір кісі мешітке келіп хазіреті Абдуллаға сәлем берді де отырды.

Ибн Аббас оған: ей пәленше! Уайым қайғыда отырғаныңды көрып тұрмын, не болды, жөніңді айт?, деді.

Ол: уа, Алла елшісі көкесінің ұлы! Менің пәленшеге берешек қарызым бар. Мына қабір иесі (ардақты пайғамбарымызды меңзеп) құрметімен ант етемін, қарызымды өтеуге шамам келмей отыр, деді.

Ибн Аббас: мен барып сөйлессем қайтеді?, деді.

Ол: егер қаласаңыз, деді.

Абдулла бин Аббас (р.а.) аяқ киімін киіп, мешіттен тысқа шықты.

Әлігі кісі: Сіз мешіттегі шаруаңызды ұмыттыңыз, деді.

Ибн Аббас: ұмытқаным жоқ, бұл қабір иесінен «Кімде кім бауырының шаруасы үшін жүгіріп, орындап беретін болса, он жыл итикаф еткеннен абзал әрі жақсы болмақ. Ал, кім Алла ризалығын көздеп бір күн итикафқа кірсе Алла тағала оны мен тозақ арасына шығыс пен батыстан алыс болған үш орды қояды», деген сөзін естіген едім, деп көзіне жас алады.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) «Иман келтірмейінше Жәннәтқа кірмейсіңдер, ал бір-біріңді жақсы көрмейінше иман келтірген болмайсыңдар, сондықтан сендерге, араларыңда, егер оны ұстанатын болсаңдар, сүйіспеншілік тудыратын амал үйретейін бе? Бір-бірлеріңе сәлем беруді көбейтіңдер»,-деген[6]. Расында, дініміз Ислам бауырмашылдықты иманмен бірге бір дәрежеге қоюуы мұсылмандар арасындағы бірліктің, бауырластық қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін көрсету.

Айтқазин Рауан

Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары