Тілдік нұсқа
Радио

мақала

РАМАЗАН – АЛЛАНЫҢ НҰРІ ТӨГІЛГЕН АЙ!
01 сәуір, 2022 жыл 199 Басып шығару нұсқасы

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

 

Қадірлі бауырлар, отандастар!

Баршаңызды исі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті рамазан айының келуімен құттықтаймын. Оразаға аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын! Әр отбасына амандық, бақыт пен береке тілеймін! Жаратушы Алла жар болсын!

Біздің халқымыз ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беріп, құрмет көрсеткен.    

Рамазан – жақсылықта жарысатын ай. Оразада әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылады. Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін...» – деп оразаның қадірі мен қасиетін, мәні мен маңызын баяндаған.

 Ал ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) өзінің хадис-шарифінде: «Адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады», – деп үмбетіне сүйінші хабар жеткізген. Осы ретте отандастарымды қайырымдылық іс-шараларға белсенді атсалысуға шақырамын!

Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз, жасайтын құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы

Қарағанды облысының бас имамы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары