Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Рамазан айындағы Алла елшісіне қатысты елеулі оқиғалар
14 сәуір, 2022 жыл 296 Басып шығару нұсқасы

Рамазан айында пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық ауыр міндет жүктеліп, қасиетті Құран түсумен қатар, көптеген маңызды істер жүзеге асқан. Солардың кейбіреулерін кесте түрінде көрсетер болсақ, олар:   

Оқиға Рамазан
1 Алла елшісі Мұхаммедке (с.ғ.с.) пайғамбарлық міндеттің жүктелуі және Құранның түсе бастауы Һижреттен 13 жыл бұрын: Рамазанның 27 жұлдызы
2 Хадиша (р.ғ.) анамыздың дүниеден қайтуы Пайғамбарлықтың 10 жылы, Рамазанның 10 жұлдызы
3 Алла елшісінің (с.ғ.с.) Сәуда (р.ғ.) анамызбен үйленуі Пайғамбарлықтың 10 жылы, Рамазан және Шәууәл айында
4 Муаххад (Меккелік сахабалар мен Мәдиналық сахабаларды өзара бауыр ету) ісі. Һижри 1 жылы, Рамазан айы
5 Рамазан оразасының парыз етілуі Һижри 2 жылы, Шағбан айы
6 Бәдір соғысы Һижри 2 жылы, Рамазанның 17 жұлдызы
7 Пітір садақасының уәжіп етілуі Һижри 2 жылы, Рамазан айы бітуіне екі күн қалғанда
8 Алғашқы Рамазан айты Һижри 2 жылы, Шәууал айының 1 жұлдызы
9 Алла елшісінің (с.ғ.с.) Зейнеп бинт Хұзайма (р.ғ.) анамызбен үйленуі Һижри 3 жылы, Рамазан айы
10 Хз. Хасанның (р.ғ.) дүниеге келуі Һижри 3 жылы, Рамазанның 15 жұлдызы
11 Меккенің алынуы Һижри 8 жылы, Рамазанның 10 жұлдызы сәрсенбі күні жолға шығып, 19 жұлдызы жұма күні Мекке қаласы азат етілген.
12 Алла елшісінің (с.ғ.с.) Жибрайлмен (ғ.с.) бірге Құранды соңғы рет оқуы Һижри 10 жылы, Рамазан айы

 

Рамазан айы – қасиетті Құран түскен ай, Рамазан оразасын ұстау – парыз, пітір садақасын беру – уәжіп болған ай, мұсылмандардың өзара бауырмалдығы артып, бірлігі беки түскен ай. Сондай-ақ, Құран үкімдерін өмірлік бағыты ете отырып, ораза ұстау арқылы рухани кемелденген мұсылманның жетістігі – бірлік пен бауырластық болмақ. Бірлік болған жерде екі дүние жақсылығы қатар келмек. Дана халқымыздың, «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген мәтелінің сыры да сол болса керек.

Самет Оқанұлы, исламтанушы

kazislam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары