Жол шетінде қарсы кісімен жас жігіт шүйіркелесіп өзара әңгілмелесіп отыр. Алдарынан жақсы киінген бір кісі шықты. Әлгі кісі келген бойы жас жігітке 1 кесе алтын ұсынды.
Жігіт:
-Рақмет, - деді, - маған оның қажеті жоқ.
-Сонда да, ал, – деді әлгі кісі- қаласаң өзіңе жаратарсың, қаламасаң кедей-кепшіктерге үлестірерсің?
Жігіт көп сөз таластырып жатпастан ала салды. Бір кісі алтынды сол күні-ақ өзі білетін мұң-мұқтаж кісілердің бәріне таратып берді.
Қарт кісі ертесі күні кешегі қасында отырып әңгімелескен жас жігіттің біреуге қыжалатын айтып көмек сұрап тұрғанын көріп:
- Балам-ау, өзіңнің де ақшаң жоқ екен. Кешегі қолыңа тиген алтыннан өзіңе де алып қалсаң болмас па еді? – дегенде, жас жігіт жұлып алғандай:
- Мен таң атса болды кешке дейінгі өмірімнің жетер-жетпесіне ешқашан сеніммен қарап көрген емеспін, - деген еді.
Бұл оқиға пенденің бір күндік өмірі туралы ғана ойлайтынын баяндайды. Расында бір күндік өмірді қалай өткізіп келеміз?
Пенде әрбір берілген нығметтен сұралатынын ескерсек, осы бір күндік уақыттан да сұралатынымызды әрдайым жадымызда сақтайық. Шын мәнінде, уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Өйткені уақытты біз қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың өлшемі – Ұлы Жаратушының қалау еркіндегі мәселе. Алла Тағала Құран кәрімде: «Өз шеңберінен жазбай әрі тынбай айналатын күн мен айды да сендерге бағындырды. Сондай-ақ түн мен күндізді де сендерге бағындырып қойды. Ол сендерге өзіне сұраған нәрселердің барлығын берді. Бергені соншалық - егер Алланың нығметін санайтын болсаңдар, санына әсте жете алмайсыңдар. Шынында адам баласы мүлдем рақметі жоқ, өте залым келеді» (Ибраһим сүресі, 33-34 аяттар.) деді. Пайғамбарымыздың ﷺ асыл сүннетінде адам ғұмырының қалайша өткендігі жайында қияметте ауыр есепке тартылатынын ескерткен. Қияметте адам баласы жауап беретін негізгі төрт сұрақтың екеуі уақытқа байланысты. Муаз ибн Жәбәлдан келген хадисте: «Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қайтіп өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қайда жұмсағандығы және алған білімімен не істегендігі жайлы есепке тартылмайынша бір адам да орнынан тапжылмайды» деген (Тирмизи).
Адамның өмірі үш уақытқа бөлінеді: өткен шағы, осы шағы, келер шағы. Адамдардың ішінде өткен өміріне табынып кеткендер бар және қазіргі уақытпен ғана өмір сүретіндер кездеседі сондай-ақ қиялшыл ертеңім дейтіндер де бар. Өткенді еске алғанда күнәларды еске түсіріп, соған тәубе ету керек. Болашаққа да жоспар құра білу керек. Яғни, ол жәннатқа қадам жоспары болуы тиіс. Жәннатқа кіру үшін бүгін, ертең мына амалды істеп қалуым керек деп сауабы мол игі істерді жоспарлап, амал ету дұрыс болмақ. Уақыт мұсылманның ең асыл қазынасы, дүние мүлкіне қалай ұқыпты, үнемді болса уақытына одан да ерекше ілтипат танытуы керек. Ибн Масғуд былай деп айтқан: « Мен үшін ең өкініштісі күн батып, өлімге бір табан жақындаған сәтімде Раббыма жақынадатанын амал жасай алмай өткен күнім» деген.
Ақын Мұқағали атамыз айтқандай:
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды бұл өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!-
Төлтаев Ербол Мұқанұлы
Балқаш қалалық мешітінің
ihsan.kz
Пікірлер