Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қадір түнінің түсірілу себебі
18 шілде, 2013 жыл 176 Басып шығару нұсқасы

Қадір түнінің түсірілу себебі Ибн Аббас (р.а.) риуаятында бұл сүренің келу себебін былай түсіндіреді: Жәбірейіл алейһиссәлам, Алланың елшісі (с.а.у.) Гази Шәмүн туралы айтып былай деді:


- Ол кәпірлермен мың ай соғысты. Оның қаруы түйенің жақ сүйегі болатын. Басқа соғыс қаруы жоқ еді. Әрбір соғыста бұл түйенің жақ сүйегімен кәпірлерге соққы бергенде сансыз кәпірлер жан тапсыратын. Шөлдеген кезде түйенің тістерінің арасынан тәтті дәмі бар су шығып, сол судан ішіп шөлін қандыратын. Қарны аш қалған кезде сол жерден ет шыққан, ол соны жеуші еді. Оның күнделікті жейтін тамағы осылай. Жұмысы да соғысып қаза болу еді. Осылайша мың ай өтті. Бұл сексен үш жыл төрт ай. Кәпірлер ол кісіден безер болды. Онымен соғысуға күштері жетпеген соң, оның әйелін азғыра бастады. Шәмүннің әйелі кәпір еді. Оған кәпірлер келіп былай деді:


- Егер сен күйеуіңді өлтіретін болсаң, саған көп мал береміз.


Әйел :


-Мен оны өлтіре алмаймын, күшім жетпейді.


Олар былай деді.


-Біз саған жіп берейік, сен оның ұйықтап жатқанда қол-аяғын байлап таста. Сол кезде біз оны өлтіреміз.


Әйелі Шәмүн ұйықтап жатқан кезде қол-аяғын мықтап байлап тастады.


Оянған Шәмүн:


-Мені кім байлады? – деп сұрады.


Әйел былай деді:


-Мен байладым, сенің күшіңді сынамақ үшін.


Шәмүн қолын бір сілтеп еді жіптер қиылып кетті.


Содан соң кәпірлер шынжыр әкелді. Әйелі оны енді шынжырмен байлады.Шәмүн оянған соң:


-Мені кім байлады? – деп сұрады.


Әйелі былай деді:


-Мен байладым, сенің қуатыңды сынау үшін. Шәмүн қолын бір сілтеп еді шынжырлардың бәрі тарқатылып кетті.


Сосын Шәмүн әйеліне:


-Әй, әйелім! Мен Аллаһтың уәли құлдарының бірімін. Дүниелік істерден мені осы шашымнан басқа еш нәрсе жеңе алмас. Мен шашыммен ғана байлана аламын, - деп өзінің ұзын шашын көрсетті.Бұл сөздерді естіген әйелі Шәмүн ұйықтап жатқанда шашын кесіп алды. Шәмүннің шашы сегіз бөлік өрулі еді. Бәрін де кесті. Шаштары өте ұзын болатын. Сілкінген кезде жерге тиетін еді.Әйелі шашының төрт бөлігімен Шәмүннің қолдарын байлады.Ұйқыдан оянған:


-Мені кім байлады? – деп сұрады.Сонда әйелі былай деді:


-Мен байладым. Сенің күшіңді сынамақ үшін. Шәмүн қолдарын сілтеп еді, аяқ-қолын шешуге күші жетпеді.Сол кезде әйелі әлгі кәпірлерге хабарды жеткізді. Олар келіп Шәмүнді өздерінің ауылына алып кетті. Шәмүнді терекке байлады. Бірінші құлақтарын кесіп, көздерін ойды, сосын еріндері мен тілін кесіп алды. Қолдары мен аяқтарын бөлшектеп тәнінен айырды.Сол сәтте Ұлы Алла Шәмүнге уахи етті:


-Бұларға не істеуімді қалайсың?


Шәмүн былай деді:


-Маған мына теректі жерінен қозғалтатын сондай күш беруіңді қалаймын. Осы жер олардың үстіне жығылсын.Ұлы Алла Субхәна Тағала оған қалаған күшін берді. Шәмүн теректі орнынан қозғалтты. Үй олардың үстіне жығылып, кәпірлер өлді. Өлгендер ішінде әйелі де бар еді. Осылайша Шәмүн кәпірлерден құтылады. Ұлы Алла Субхәна Тағала оған тән мүшелерінің бәрін қайтарып берді. Содан соң Шәмүн мың ай Аллаға ғибадат етті. Түндерде намаз оқып, күндіздерде ораза ұстады. Алланың жолында соғысып, өмірін осы жолға арнады.Алланың елшісі (с.а.у.) мен сахабалары бұл хабарды естіген соң бәрі қосылып жылады. Шәмүннің жағдайын бәрі де армандап:


-Иә, Алланың елшісі (с.а.у.)! Оның сауабының қаншалықты екенін білесіз бе? – деді. Алланың елшісі (с.а.у.):


-«Білмеймін, - деді.Ұлы Алла Субхәна Тағала Жәбірейіл алейһиссәлам арқылы бұл сүрені жіберді:-Иә, Мұхаммед (с.а.у.)! Саған және үмметтеріңе Қадыр кешін бердім. Ол кеште істелетін ғибадаттың сауабы Шәмүннің мың айлық ғибадатынан да сауабы артықтау және қайырлы.


Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары