Әнас ибн Малик (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) риуаят етті: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мінберге көтеріліп бара жатқанда, 3 рет «Әмин!»- деді. Мұхаммед (с.ғ.с.) мұндай амалын көріп, сахабалардың бірі Муаз ибн Жабал (р.а.) :
- Ей, Алланың елшісі, мұның сыры неде?
Сонда Алланың елшісі (с.ғ.с.):
- Мен мінберге көтеріліп бара жатқанда, Жәбрейіл періште: « Ей, Мұхаммед Рамазан айы келе тұра ақырына дейін ораза ұстамай, күнәларынан тазармаған және сол себеппен тозаққа кірсе, Алла Тағала оны рахматынан аулақ болсын!»,-деді, мен «Әмин!» дедім. « Жанында ата-анасы бола тұра оларға жақсылық жасамай тозаққа кірсе, Алланың рахматынан аулақ болсын!»,-дегенде, мен «Әмин!» дедім. « Кімде- кімнің алдында сенің атын аталған кезде салауат айтпаса, Алланың рахматынан аулақ болсын !»,-дегенде, мен «Әмин!» дедім.
«Шындығында тазаланған адам жеңіске жетті» -« قد أفلح من تزكى»
Яғни, ата-анасына жақсылық қылу арқылы тазаланған Алла тағала Құран Кәрімде бұйырғанындай: «وقضى ربك ألا تعبدوا إلا إياه وبالوالدين إحسانا»
«Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті», бұл тазаланудың бір мағынасы, екінші мағынасы зұлымдыққа бармау. Алла Тағаланың сөзі сияқты: ولا تركنو الى الذين ظلموا 1»
فتمسكم النار»
«Сендер зұлым қылушыларға ермеңдер! Онда отқа жолығасыңдар», Тазаланудың үшінші мағынасы ғайбат айтпау, себебі: Алла тағала Құран Кәрімде тыйған: «Сендер бір-біріңді ғайбаттамаңдар! Сендер өлі бауырларыңның етін жегенді жақсы көресіңдерме»? «ولا يغتب بعضكم بعضا»
Тазаланудың төртінші мағынасы, дүниеге деген махаббатын жою, Алла тағала Құран Кәрімде айтқандай: «يوم لا ينفع مال ولا بنون إلا من أتى الله بقلب سليم» «Сондай күні пайда бермейді жиған байлықпен баланың көптігі, тек қана Раббысын таза жүрекпен кездестіру»
Тазаланудың бесінші мағынасы Алла тағаланы көп зікір ету, себебі Алла тағала Құран Кәрімде зікір турасында ескертеді «يا ٌ يها الذين امنوا اذكر الله ذكرا كثيرا» «Ей мүминдер! Алла тағаланы көп еске алыңдар» Тазаланудың алтыншы мағынасы, Алла тағаладан келген қиыншылықтарға сабырлық қылу яғни, Алла тағала Құран Кәрімде сабыр қылушыларға есепсіз сауап барын уәде етеді: إنما يوفى الصا برون أجرهم بغير حساب» «Шын мәнінде сабыр қылушыларға, сыйлықтары есепсіз беріледі». Тазаланудың алтыншы мағынасы, жанымен тәнін тазалау, осы турасында Алла тағала Құран Кәрімде былай дейді: «ظهر الفساد فى البر والبحر بما كسبت أيدى الناس ليذيقهم بعض الذى «عملوا لعلهم يرجعون
« Адамдардың кейбір бұзықтық істерінің сазайын тарттыру үшін, жер және көлде бұзықтық шықты, шындығында олар қайтар». Тазаланудың жетінші мағынасы, көп уақытын Құран оқумен өткізу, Құран оқу жайында Алла тағала айтты: إذا تليت عليهم آياته زادتهم إيمانا» «Егер олар Құранның аяттарын естісе, имандарының нұры күшейеді». Тазаланудың сегізінші мағынасы, Амалдарын шынайы ықыласпен орындау, إلا من تاب و آمن وعمل عملا صالحا» فأولآءك يبدل الله سيئا تهم حسنات»
«Бірақ кімде-кім тәубе қылып, иман келтіріп және ізгі іс істесе, міне осылардың жамандықтарын жақсылыққа ауыстырады». Тазаланудың тоғызыншы мағынасы, нәпсісін тыю, бұл турасында Алла тағала Назиғат сүресінде, кімде-кім нәпсісін тыйса Алла тағала оған жәннәт уәде ететіндігін баяндайды. وأما من خاف مقام ربه و نهى النفس عن الهوى
«Ал енді кім Раббысынан қорқып, нәпсісін тыйса шынында оның барар жері Мауа жұмағы».
Абдулла ибн Масғуд (р.а) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Егер олар Рамазан айының 30 күн оразасын ұстап, Айт намазына ниеттеп шықса, сол кезде Алла тағала былай дейді: Ей Періштелерім! Әрбір амал қылушы амалының ақысын талап етеді және толық оразасын ұстап, айт намазын оқып, сауабын талап еткен құлдарыма куә болыңдар, Мен оларды кештім, осы оқиға куә болған бір періште, Ей Мұхамедтің үмметі! Сендердің күнәларың сауапқа ауыстырылады, сол кезде Алла тағала былай дейді: Сендер мен үшін ораза ұстап, ауыз аштыңдар, сол үшін күнәларың кешірілді» деген осы хадисін жеткізді.
Әнәс ибн Мәлік (р.а.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде «Адам баласының ұстаған оразасы, аспан мен жердің арасында ілініп тұрады екен пітір садақасын өтемейінше, пітір садақасын өтеген сәтте Алла тағала оразаға екі қанат жаратады, ораза осы қанаттарымен жетінші қат аспанға барады, сол кезде Алла тағала осы оразаны «қиндил» ыдысына салып қоюды бұйырады, қиямет күні оразаның иесі келгенге шейін, осы ыдыста сақталады».
Осман ибн Аффан (р.а.) «Айт намазының алдына дейін пітір садақасын беруін ұмытып, өтеуіне бір құл босатқан екен осы жағдайды Пайғамбарымызға (с.ғ.с) айтқан кезде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деп жауап береді: Ей Осман! Жүз құл босатсаңда, айт намазына дейін берілген пітір садақаның сауабына жете алмайсың»
Қадірменді Мұсылман қауым! Ұстаған оразамыз, пітір садақасымен өз мәресіне жетеді екен. Алла тағала ұстаған оразамызды, берген пітір садақамызды қабыл етсін!
Араб тілінен аударып дайындағандар: Облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Дархан Асылтайұлы, Бекболат Зулжаладдинұлы.
Пікірлер