Қасиетті Рамазан айында оразасын ұстап, түнде тарауығын оқып қандай дәрежеге жететіндігін Әли (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) риуаят етті:
1-тарауық: анасынан жаңа туғандай пәк болады.
2-тарауық: ата-анасының күнәсы кешіріледі.
3-тарауық: Арш астындағы періште дауыстайды :«Амалыңды жаңадан баста, Алла Тағала сенің алдыңғы күнәларыңды кешірді».
4-тарауық: Таурат, Інжіл, Зәбур, Құран кітаптарын оқығандай сауап алады.
5-тарауық: Харам мешітінде, Пайғамбар (с.ғ.с) мешітінде, Ақса мешітінде намаз оқығандай сауап алады.
6-тарауық: Байтул Мағмурды (яғни, көктегі періштелердің тауап қылатын орны) тәуап еткендей сауап алады және жер бетіндегі құм-тас күнәсінің кешіруін сұрайды.
7-тарауық: Мұсаға (а.с) жанында болып Һаманға және Перғауынға қарсы күресіп көмектескендей болады.
8-тарауық: Ибраһимнің (а.с) сауабын алады.
9-тарауық: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құлшылығындай сауап алады.
10-тарауық: күллі дүние-ақіреттің жақсылығын нәсіп етеді.
11-тарауық: анасының құрсағынан шыққандай таза болып дүниеден өтеді.
12-тарауық: қиямет күнінде толған айдай жүзі нұрлы болады.
13-тарауық: қияметтің қорқынышынан аман болады.
14-тарауық: періштелер оның тарауық оқығандығына куәлік етіп, Алла Тағала оны Мизан таразысына салмайды.
15-тарауық: ол адамға Аршы, Күрсіні көтеріп тұрған және басқа періштелер салауат айтады.
16-тарауық: тозақ отынан құтқаратын және жәннатқа кіретін құжат береді.
17-тарауық: Пайғамбарлардың сауабы беріледі.
18-тарауық: періште : «Ей, Алланың құлы, Алла Тағала сенен және сенің ата-анаңнан разы болды»,- деп дауыстайды.
19-тарауық: Фирдаус жәннатындағы дәрежесін көтереді.
20-тарауық: шейіттер мен абзал құлдарының сауабы беріледі.
21-тарауық: жәннатта нұрдан жаралған үйді тұрғызады.
22-тарауық: қияметте қайғы- қасіреттен аман болады.
23-тарауық: Алла Тағала ол үшін пейіште қала тұрғызады.
24-тарауық: 24 рет қабыл болатын дұға беріледі.
25-тарауық: қабір азабынан құтылады.
26-тарауық: 40 жылдық сауабын Алла Тағала қабыл етеді.
27-тарауық: қиямет күні қыл көпірден пырақ секілді өтеді.
28-тарауық: жәннаттағы дәрежесін көтереді.
29-тарауық: мыңдаған қабыл болған қажылықтың сауабын алады.
30-тарауық: Алла Тағала: «Пейіштегі жемістен же, Сәлсәбил көліне шомыл, Кәусар бұлағынан іш. Мен сенің Раббыңмын, сен Менің құлымсың»,-дейді.
Пайғамбар (с.ғ.с) басында тарауықты жамағатпен мешітте оқығанмен артынан тыйған, себебі Пайғамбардың (с.ғ.с) тұрақты істеген амалдары бізге уәжиб немесе парыз дәрежесінде болып кетеді. Сондай дәрежеде болып кетпес үшін, Пайғамбар (с.ғ.с) әркімге тарауықты үйлерінде оқуды бұйырған. Осы үрдіс Пайғамбар (с.ғ.с) қайтыс болғаннан кейін де Әбу Бәкір(р.а) заманында да жалғасады. Бірақ Омар (р.а) халифа болған сәттен бастап, тарауықты мешітте оқуды бұйырды. Сол кездегі сахабалар Омар (р.а): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) және Әбу Бәкір(р.а)жасамаған амалды сен істейсің ба?»,-деп қарсы шығып, Айша (р.а) анамызға төрелікке барады. Айша (р.а): «Бір уақытта Омар (р.а) бір сүннетті тірілтеді, сол кезде соңынан еріңдер »,- деп Пайғамбар (с.ғ.с) айтып еді, сол айтқаны осы тарауық намаз екен ғой»-деп , Айша (р.а) анамыз төрелігін айтады. Сол заманнан осы күнге шейін тарауық мешітте оқылады. Осы сүннетін тірілуіне куә болған Әли (р.а): « Ей, Омар, біздің мешіттердің іші қандай жарық болса, Алла Тағала сенің қабірінді сондай жарық қылсын»,-деп ыстық лебізін білдіреді. Қадірменді мұсылман қауым, біздер үшін сүннет- муаккада тарауық намазын мешіттерде оқиық, мүмкіншілігі болмаған адамға үйде оқуға болады. Демек тарауық намазын жамағатпен де, жалғыз оқуға да болады. Алла Тағала қадамдарымызды сауаптан жазсын!
Дайындағандар Қарағанды облыстық орталық мешіттің найб-имамдары: Қосмағамбетов Бекболат, Кәрсембай Дархан
Пікірлер