Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ШАҒБАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
21 ақпан, 2023 жыл 255 Басып шығару нұсқасы

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті жамағат, қадірлі жерлестер!

Баршамызды қасиетті Шағбан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді мүбәрак Шағбан айының келуімен құттықтаймын!

Қасиетті айлардың бірі – ережептен соң келетін шағбан Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.)  айы деп те саналатыны белгілі. Сонымен қатар бұл ай Рамазанға кіретін қақпа сияқты. 

Әбу Умәмә әл-Бәһилиден жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Шағбан айы кіргенде, нәпсілеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар», – деген.


Қадірлі ағайын!

Берекелі айы – Шағбан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей! 

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетіне Шағбан айы кіргенде тазаланып, ниетімізді дұрыстауды өсиет еткен.

Шағбан айы – қайыр есіктерінің ашылатын, берекеттің жауатын, қателердің тасталатын, күнәлардың кешірілетін және жаратылыстардың ең қайырлысы болған Пайғамбарымызға (с.а.у.) көптеп салауат оқитын ай.

Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық, халқымызға береке нәсіп етіп, Шағбанның шарапатына бөленуді жазғай!

Жаратушымыз Алла Тағала қасиетті Шағбан айларын берекелі етіп, он екі айдың сұлтаны болған Рамазанға аман-есен жеткізгей! Әмин!

ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша бас имамы     Естай Айтуғанұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары