Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шағбан жақсылық тарату айы
22 ақпан, 2023 жыл 200 Басып шығару нұсқасы

Шағбан айының атауы «тарату» дегенді білдіретін «ташааба» сөзінен шыққан – бұл айда жақсылық таралады. Бұл айда ерекше құптарлық амал – ораза, сондықтан Алла Елшісі барлық Шағбан айының оразасын ұстады.

Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте:

كَانَ رَسُولُ اللَّهِ - صلى الله عليه وسلم - يَصُومُ حَتَّى نَقُولَ لَا يُفْطِرُ، وَيُفْطِرُ حَتَّى نَقُولَ لَا يَصُومُ، وَمَا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ - صلى الله عليه وسلم - اسْتَكْمَلَ صِيَامَ شَهْرٍ قَطُّ إِلَّا رَمَضَانَ، وَمَا رَأَيْتُهُ فِي شَهْرٍ أَكْثَرَ مِنْهُ صِيَامًا فِي شَعْبَانَ

«Кейде Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жиі ораза ұстайтыны сонша, біз: «Неге, ол оразаны бұзбайды!» – дейтінбіз. Кейде оразасын жиі ашатыны сонша, біз: «Неге, ол ораза ұстамайды!» дейтінбіз. Мен оның Рамазан айынан басқа айларда толық бір ай ораза ұстағанын  көрген емеспін және Шағбан айындағыдай басқа айларда көп ораза ұстағанын көрген емеспін». (Имам Бұхари)

Бірде Асамат бин Зәйд Пайғамбарымыздан () Шағбан айында ораза ұстаудың себебін сұрағанда, ол былай деп жауап берді:

ذَلِكَ شَهْرٌ يَغْفُلُ النَّاسُ عَنْهُ بَيْنَ رَجَبٍ وَرَمَضَانَ، وَهُوَ شَهْرٌ تُرْفَعُ فِيهِ الأَعْمَالُ إِلَى رَبِّ العَالَمِينَ؛ فَأُحِبُّ أَنْ يُرْفَعَ عَمَلِي وَأَنَا صَائِمٌ

«Бұл айда, яғни Ережеп пен Рамазан айы арасында адамдар бейқамдық танытады. Бұл кезеңде барлық амалдар Аллаһқа көтеріледі. Мен амалдарымның көтерілуінде ораза ұстағанымды қалаймын. (Ибн Маджа)

Құрметті бауырлар жылда Пайғамбарымыз с.ғ.с. айтқандай, осы үш ай бастала салысымен-ақ зор ынта-ықыласы бар адамдар ораза ұстауға, сауапты істер жасауға кіріседі. Бірақ күннен-күнге бұл шабыт өшіп, айдың соңына қарай мүлде жоғалады. Ал Шағбан айында хадисте айтылғандай, адамдар салғырттық танытып жалқаулық пайда бола бастайды. Шайтанның арбауына түспей керсінше бұл айда Алла Тағаланың жолында басқа айлардан да артық қажырлылық танытуымыз керек. Ал кімде-кім осы уақыттың бәрінде ораза ұстауға шамасы жетпесе, айдың басында кемінде үш күн, ортасында үш күн (13, 14 және 15 күндері) және айдың соңында үш күн ораза ұстасын. Әсіресе, 15-ші күні ораза ұстаса ерекше сауапқа кенеледі. Оған дәлел Пайғамбарымыз Мухаммад с.ғ.с-ның хадисі:

إِذَا كَانَتْ لَيْلَةُ النِّصْفِ مِنْ شَعْبَانَ فَقُومُوا لَيْلَهَا، وَصُومُوا نَهَارَهَا

«Шағбан айының ортасының түні келсе, тұрыңдар да, сол күні ораза ұстаңдар».

Құрметті бауырлар! Шағбан айын  Алла Тағала бізге  Өзіне жақындау үшін, күнәларымызға  кәффарат болу үшін сыйлады. Шағбанды оразамен, дұғалармен  ұлықтап, Алладан қорқып, парыз болған амалдарды жасап, күнәлардан сақтанған адамға Алла Тағала өткен жыл бойындағы жасаған кіші  күнәларды кешіріп, келер жылда бәле-жаладан, ауру-сырқаудан сақтайды. Бұл айда Алла Тағала жақсылықтарды көбейтетіні сияқты, жамандықтарды да еселейді. Бұл айды құрметтеушілерді қалай жоғарылатса, елемейтіндерді де солай  қорлайды. Сондықтан бұл айда Алланың және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсылық таратуға үндеу шақыруына жауап бермеу және Оның сыйын пайдаланбау Жаратушының өзіне разы болуын көздейтін мұсылман үшін мүмкін емес іс болып табылады.

Алла Тағала Өзінің берген міндеттеріне мойынсұнуды, бірген ризықтарына шүкір етуді бәршамызға нәсіп етсін! Әумин!

 

«Төлеутай ата» мешітінің

Имамы Серік Амамбайұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары