Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қарағанды облысының бас имамы Наурыз мерекесімен құттықтады
21 наурыз, 2023 жыл 225 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы
Әбдіғали Естай Айтуғанұлы 

Қадірменді Қарағанды облысының тұрғындары!

Баршаңызды күллі түркі жұртының төл мейрамы саналатын, 
жыл басы– әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бауырмалдық пен татулыққа үндейтін осынау шуақты мерекеде әр отбасыға бақыт пен бірлік, татулық пен бар жақсылықты тілеймін.

Наурыз – бағзы заманнан бері ұлт ретінде ерекше мән беріп келе жатқан ұлттық мерекеміз. 

Көктемгі күн мен түннің теңелуі – бүкіл қазақстандықтар асыға күтетін және ерекше атап өтетін айтулы мереке.

Халқымыздың ұлы мәдениеті, бай салт-дәстүрі көрініс тапқан Наурыз мейрамының еліміз үшін маңызы ерекше.

Наурыз – барша адамзатты бауырмалдыққа, бірлікке, үндейтін мереке.  Шуақты мерекеде туыстық қарым-қатынасты нығайтып, қазыналы қарттарымыздың жағдайын сұрап, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау – сауапты іс.

Осынау игі мейрамда ағайын арасында, қоғам ішінде көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, жақсылық жасаудан жарысайық. 

Бұл дін мен дәстүріміз сабақтасқан Наурыз мерекесін насихаттаудың үлкен мүмкіндігі.

Қадірменді жамағат!

Наурыз мейрамы құтты болсын! Жаратушы Жаббар Иеміз баршаңыздың жанұяңызға жар болғай! 
Ізгілік пен бірлікке бастайтын мерекеде сіздерге Алланың амандығын, отбасы бақытын, жанның саулығын тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!Әмин!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары