Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Рамазан - тәрбие айы
24 наурыз, 2023 жыл 355 Басып шығару нұсқасы

   Рамазан - он екі айдың сұлтаны. Қасиетті құранда аталған бұл ай - айлардың ең шарапаттысы. Сұлтан сөзін естігенде ақылымызға ең бірінші “ел басқарған басшы, мемлекеттегі дәрежесі ең жоғары адам” есімізге түсетіні анық. Сол секілді Рамазан да айлардың ең қадірлісі, Алла алдында дәрежесі ең биік ай.

 Ол - тәрбие айы. Рамазан Алланың құлын бір ай бойы тәрбиелеп, құлшылықтың дәмін шынайы түрде таттырып, қалған он бір айға дайындап жіберетін тәрбие айы. Бұл айды кедей де, бай да ашыққан халде өткізеді. Пенденің ауызашарға асығуы, сәресін кеш ішуі адам баласының өте әлсіз, Алла тарапынан берілген нығметтерге мұқтаж екенін білдіреді. Бұл бір өз алдына тәкәппарлыққа қарсы тәрбие көрінісі. Пендені күнәдан тазартатын жалғыз зат Аллаға бет бұрып, Оған итағат ету. Имам Бухари мен имам Муслимнен (Алла оларды рақымына алсын) келген хадисте Пайғамбарымыз  былай деген: «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі». Бұл хадисте сауапты бір Алладан ғана күту керектігі адамды риясыз құлшылыққа ынталандыратын, оған сауапты Алладан басқа ешкім бере алмайтынын аңғартатын сөз. Осы арқылы пенденің үміті адамға емес Аллаға байланады. 

Рамазан - сүннеттерді молайтатын ай. Бұл айды сүннет пен нәпіл құлшылықтарға толтырған абзал. Парызбен ғана шектелген жөн болмас. Мәлик бин Әнәс (Алла оны рақымына алсын): “Сүннет - Нұх пайғамбардың кемесі” деген. Ол кемеде болғандар Алланың апатынан, азабынан құтылғаны секілді сүннетке жабысқандардың да соңы хайырлы болатыны мәлім-ақ. Қасиетті айда әрбір құл күнің оразада, түнін намазда өткізіп, Аллаға ең жақын құлдардың басқа айларда не сезінетінін өздері де  сезіне алатын ұлы ай. Себебі күнің оразамен түнін құлшылықпен өткізу мүмін құлдың сипаттарынан. 

Оразаны жеп-ішу ғана емес сонымен қатар біз елей бермейтін амалдар да бұзады. Олардың қатарында өсек, ғайбат, біреудің айыбын ашу секілді бірнеше заттар бар. Бұл аталған амалдар адамды ораза ұстаудан тыймаса да мағынауи тұрғыдан сауабын азайтып, тіпті сауапсыз қалдырып, рамазан айын еш нәрсе иеленбестен тәмәмдауға септігін тигізуі әбден мүмкін. Сол себепті бұл айдың тәрбие айы екендігін, шынайы ораза Рамазан айы біткеннен кейін басталатынын әсте ұмытпайық.

 

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы

Мусин Сайлау Жұмағұлұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары