Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Медине – Пайғамбар (с.ғ.с) қаласы
22 желтоқсан, 2014 жыл 7478 Басып шығару нұсқасы

 Медине - Сауд Арабиясының батыс бөлігінде, Меккенің солтүстігінен 430 км қашықтықта орналасқан. Теңіз деңгейінен 625м биіктікте жатыр. Мединеден Қызыл теңіз жағалауына дейін 150 км. Ислам пайда болғанға дейін  жүздеген жылдар бойы қала Ясриб деген атаумен белгілі болған. Сириядан Йеменге бет алатын керуен жолында маңызды рөл атқарған. Дегенмен Мединенің аты Исламның келуімен айшықтала түсті. Су қорының мол болуы ауыл шаруашылығына қолайлы болып, саяхатшылар мен жолаушылардың аялдайтын орнына айналған. Бастапқыда жолаушылар мен керуеншілерге тамақ, ауыз су сатқан жергілікті тұрғындар келе-келе ірі – ірі сауда келісімдерін жасаса бастайды. Бүгінде бұл қала маңызы жағынан мұсылман әлемінде екінші орынға ие. Меккеден кейінгі екінші қасиетті қала саналады.

 

         Бұл қалада Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Масджид-ан-Наби мешіті бар. 622 жылы осында Меккеден Мұхаммед Пайғамбар келеді. Бірте-бірте қала аль-Мадина ан-Наби – «Пайғамбар қаласы» атала бастайды.  «Аль-Мадина» араб тілінде «қала» деген мағынаны білдіреді. Арабтар бұл атауға көбінесе «аль-Мадинатуль мунавварату – «Жарқыраған қала» сөзін қосып айтады.

 

 

Мұхаммед Пайғамбардың қоныстануымен бұл қала ислам мемлекетінің астанасына, мұсылмандардың орталығына айнала бастады. 632 жылы қайтыс болған Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірінің соңғы 10 жылын осында өткізген. Осында жерленген.

 

 

Мединнің бес атауы бар: Мадинат, Таба, Тайбат, Аддар және Ясриб.

 

 

         Қаланың ежелгі атауы Ясриб Құранда бір рет айтылған. Бұл қалаға «Медине» атауын Мұхаммед Пайғамбар берген. Медине қаласы Құранда 4 рет аталады. Таба және Тайбат атаулары қала көп құдайлықтан ада болғандықтан берілген. Мадинат – Аллаға көп құлшылық ететін жер дегенді білдіреді. Бұл Медине қаласының кең таралған атаулары. Бұлардан бөлек Мединенің мыңнан аса атауы бар. «Итхаф» кітабында 70 атауын келтіреді.

 

 

         Меккеден кейінгі екінші қасиетті қала болғандықтан осындағы Пайғамбар мешітінде оқылған намаз басқа жерде (Масжидульхарамнан басқа) оқылған мың намазға теңеледі. Бұл туралы бірқатар хадистерде де айтылған.  Өзге де жақсы істердің сауабы мың есе болмақ.

 

 

Қазақшаға islam.ru сайтынан аударылды

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары