Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Рамазанда өзіңді өзгертуге көмектесетін 10 амал
21 наурыз, 2024 жыл 106 Басып шығару нұсқасы

 Рамазан айы Алла бізге ақиқат етіп берген Құран түсу арқылы қасиетті болғанын бәріміз білетін шығармыз?

Өмірінде өзінде болмаған бір өзгерістің болғанын қаласаң, бұрын өзің жасамағанды жаса және бұрын өзің болмаған адам бол Сол өзгерісті осы қасиетті айда бастасаң қалай? Олай болса ол амалдар қандай екен?! Бастайық:

1.Пайдасыз, көп сөйлеуден сақтан. Алла Тағала Құранда: “Олардың өзара күңкілдерінің көбісінде жақсылық жоқ. Бірақ кім бір садақа не бір игілікті немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе, ол - қайырлы”,- деді(Ниса,14).           

Сондай ақ, сенің сөздеріңді жазатын періштелердің де бар екенін біліп қой:   “Оның (адамның) оңынан да солынан да екі байқаушы отырады. Аузынан бір сөз шықса болды, алдында аңдушы дайын”(Қаф,17-18)

Сөйлегенде сөзің жеткізбек болған мақсатыңды толық қамтиған, қысқа әрі нұсқа болсын.

2.Құран Кәрімді жиі оқы әрі одан белгілі бір мөлшерді күнделікті оқып тұруды әдетке айналдыр. Сондай ақ, Қиямет күні зор сауапқа кенелуің үшін, Құраннан шама-шарқыңша жаттап алуға тырыс. Абдулла ибн Амр (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.с.) мынадай хадисті жеткізген:

Ол (с.а.с.): “(Қиямет күні) Құран жаттағанға: “Оқы да көтеріл және дүниеде оқығаныңдай оқы. Сөйтіп, сенің орның ең соңғы оқыған аятыңда болады”,- деген.(Әт-Тирмизиден жеткен)

 3.Әрбір естіген жайттар туралы өзгеге айта беруің жақсы емес. Өйткені, бұл - жалған сөйлеуге алып барады. Әбу Хурайра (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.):

“Адамның өтірікті айтуына, оның әрбір естігенін сөз қылуында жеткілікті дәлел бар”,- деген. (Муслимнен жеткен)

4.Адамның алдында жоғары немесе бай көріну үшін өтірік мақтанудан абай бол. Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте бір әйел:

“Ей, Аллаһтың елшісі, күйеуім маған бермегенді “…берді”,- деп айтсам бола ма?”- деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Берілмегенмен мақтанушы өтіріктің көйлегін киюші сияқты”,- деді. (Бухари,Муслим)

  5.Расында, Алла Тағаланы еске алудың мұсылманның рухани және қоғамдық өміріне зор әсері бар. Ендеше, мұсылмаан бауырым, қандай жағдайда болсаң да, әркез Алланы еске ал. Алла Тағала ықыласты құлдарын:

“Олар тіке тұрып, отырып және жанбасынан жатып (әр хәлде) Алланы еске алады”,- деп мақтаған. (Әли Имран,191)

 6. Егер сөз сөйлесең кербездене түсуден абай бол! Өйткені, ол сипат Алла Елшісінен (с.а.с) алыстатады. Пайғамбарымыз(с.а.с.) хадистерінің бірінде: “Расында, сендердің Қиямет күні маған жеккөрінішті де, менен орны алыс болатындарың - асыра сілтеп сөйлейтіндер, мылжыңдар және кербезденіп сөйлейтіндерің”,- деген.

 7. Пайғамбар (с.а.с.) ұзақ үнсіздікте терең ойлануда, көп күлкісіз әрі күлгенін жалғастырмауында көрсеткен өнегелерінен алғайсың. Сәммәк (р.а.):”Жәбир ибн Сәмираға: “Мәжілістерде Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге отырушы са едің?- дедім. Ол: Иә, Ол (с.а.с.) отырыстарда көп сөйлемейтін және аз күлетін, ал ол (с.а.с.) болса, тек жымиып қана қоятын”, - деп жауап берді.

 8.Өз дінің мен наным-сенімдеріңді мақтан тұтатын адам бол. Құран Кәрімде:

“(Ей, мұсылмандар!) Босамаңдар да, қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте, үстем боласыңдар”,- делінген.(Әли Имран, 139)

  9.Басқалардың сөйлеу мәнеріне салып, олардың сыртынан келемеж етуден, оларды кемсітуден және мазақтаудан абай бол! Алла Тағала Құранда:

“Ей, мүміндер! Бір ел бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім, олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ, әйелдер басқа әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім, олар өздерінен жақсы болар”,-дейді(Хужурат,11)

 10.Мұсылман бауырым! Алла Тағаланың бұйрығына бойұсынып, Оның жазасынан қорыққан күйде отырысыңда ғайбат пен өсек-аяңның орын алуына жол берме! Өйткені, олар жаман сипаттар және опық жегізетін мінез-құлықтар. Алла Тағала:

“Біреуді бірек ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине, оны жеп көресіңдер”,- деген.(Хужурат,12)

Әр кез білім алуды тоқтатпа, Аллаға жақындау діни ілімді арттыру және терең жүрекпен ойлану арқылы болатынын біл. Рамазанда Құран мен намазды және таспихтарды тоқтатпа. Сауаптармен қоса күнәніңда еселенетінін ұмытпа.

Сауаптарыңды жоятын амалдардан сақ бол

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары