«Күнәға тәубе етпеу – күнәні істегеннен де жаман»
(Жағфар ибн Синан)
Алла тағала жаратқан мақлұқаттарының ішінде мүлде күнә жасамайтын жаратылыс иесі періште және исмат сипаты бар, яғни күнә жасаудан Алланың құдірітімен сақталған пайғамбарлар ғана. Ал азғын және тәубесі қабыл болмайтын жаратылыс иесі ол – шайтан.
Адам баласы періште де емес, шайтан да емес. Себебі нәпсісі оны үнемі жамандыұұа итермелеп тұратындықтан жаза басып, қателеспеуі мүмкін емес. Алайда Алла Тағала адам баласына күнәсынан арылып, құлан таза болуы үшін, тәубе деген есікті Өз кеңшілігімен ашып қойған.
Тәубе сөзінің мағынасы « қайту, оралу» дегенді білдірсе, қолданыстағы шариғи ұғымы « пенделікпен жасаған күнасына шынайы өкініп, оны қайталамауға бел буу » деген сөз.
Пайғамбарымыз ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын ) хадисінде:
«Барлық Адам атаның балалары -қателесуші. Солардың ішіндегі ең жақсылары – істеген қателіктері үшін тәубе ететіндері», - деген (имам ибн Мәжа).
Тәубе ету – адам баласының жаратылысында бар қасиет. Олай дегеніміз, әу бастан Адам (оған Алланың сәлемі болсын) Алланың сынағына тап болып, тыйым салынған жемісті жеп қойғаны үшін тәубе етті. Алла тағала оның тәубесін қабыл алды. Жоғарыды атап өткеніміздей, адам баласы нәпсі мен шайтанның жетегіне еріп қателесуі әбден мүмкін. Алайда жасаған қатесін жуып – шаятын тәубе деген сабынды қолдануы тиіс. Бұл – пенде үшін таптырмайтын мүмкіндік.
Имам ән – Нәуәуи ( Алла оны рақымына алсын ): «Ғалымдарымыз әрбір күнәдан кейін тәубе ету – міндет. Егер адамның күнәсы басқа бір кісінің ақысына қатысты болмаса, онда тәубе жасау үшін, мынадай үш шартты орындау қажет деген. Олар :
Егер осы аталған шарттардың біреуі орындалмаса, онда жасалған тәубе есептелінбейді.
Пікірлер