Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ихсан ілімі ата-ана дұғасында!
20 мамыр, 2024 жыл 56 Басып шығару нұсқасы

   «Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір адам келіп: «Я, Расулулла, қартайған анамды өз қолыммен тамақтандырамын. Дәретін алғызып, арқалап жүремін. Осы амалыммен ақысын өтеген боламын ба?», – деп сұрағанда, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Жоқ, ақысының жүзден бірін де орындаған болмайсың. Ол саған аяққа тұрып кетуіңді күтіп қызмет еткен еді, ал сен оған өлімін күтіп қызмет етудесің. Бірақ, Алла Тағала бұл аз ғана жақсылығың үшін көп сауап ихсан етеді», - деп жауап берген екен. Бұл туралы ұлттық құндылықты сақтайтын, тіл, дін мен ділді сақтауға негіз болатын отбасындағы тәрбие туралы сөз қозғалғанда айтамыз. Тәрбиенің өзегі ата-анаға құрметтен тұрады. Ананы сыйлауды үйренген бала әкесіне де құрмғтпен қарамақ. 
“Ихсан - рухани тәрбие негізі” кітабының өзегі отбасындағы тәрбие, ілім, көркем мінез, Аллаға иман болса, соның бәрінің басын біріктіруші күш дұрыс берілген тәрбиеде жатыр. 
«Я, Расулалла! Менің анам мүшрік. Оған жақсылық жасауым қажет пе?», – деп сұраған адамға Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Иә, анаңа жақсылық жаса және оны құрметте!», – деді» (Әбу Дауд). Бұл Әбу Бәкірдің қызы Әсмәден жеткен. Осы секілді ананы сыйлау турасын өте көп хадистер келеді. Әрбір хадиске амал етер болсақ пайғамбарымыздың сүннетіне амал еткен боламыз. 
Ұлы Жаратушыға ғибадат ету, оған кәміл иманмен бойұсыну – пенденің жаратылыс мақсаты және Алла алдындағы құлдық міндеті. Сондай-ақ, Алланы тану – екі дүниедегі бақыттың кілті. Сол себепті Алла Тағала былай дейді: «Маған және ата-анаңа шүкір ет!» («Лұқман» сүресі, 14-аят). 
Ихсан ілімінің өзегіне айналған тәрбие, ата-анаға құрмет адамзаттың адамдығын сақтау үшін қаланған. Ахмадтан жеткен хадисте «Үш дұға міндетті түрде қабыл болады, онда еш күмән жоқ: Зұлымдыққа ұшырағанның дұғасы, жолаушының дұғасы, ата-ананың баласына дұғасы» делінеді. Бұл әке-шеше разылығын алу үшін әр сәтті тек жақсылыққа арнау. Олардың көңіліне кірбің келтірмей, жүрегіне сызат түсірмеу. «Кімде-кім ата анасын риза қылса, Алланы риза қылғаны, егер ата-анасын ашуландырса, Алланы ашуландырғаны» (ибн Нәджар). 
Ендеше Ихсан ілімі - ананың дұғасында десек артық болмас!

 

Қарағанды қалалық “Бала қажы” мешітінің имамы
Нуров Махмұд қажы Нұрұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары