Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қарағанды қалалық "Бала қажы" мешітінде ішнара жөндеу жұмыстары аяқталды
10 қыркүйек, 2024 жыл 73 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қалалық "Бала қажы" мешітінде ішнара жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Мешіт ұжымының күшімен асхана, кіреберіс және әжетхананың қабырғалары мен едендері жаңартылып, мешіт келушілері үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

Жөндеу жұмыстарының басты мақсаты — мешітке келушілерге жайлы әрі таза орта ұсыну. Бұл әрбір мұсылман үшін маңызды, себебі мешіт – Алланың үйі. Оны таза әрі әдемі күйде ұстау – әрбіріміздің парызымыз. Жаңартылған асхана мен әжетханалар мешітке келушілердің қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп, күнделікті ғибадаттарын ыңғайлы атқаруға мүмкіндік береді.

Алланың үйін құрметтеу – мұсылманның міндеті. Алла тағала Қасиетті Құранда мешіттерді таза ұстаудың маңыздылығын ескертеді. "Расында Алланың мешіттерін, Аллаға және ақырет күніне иман келтіргендер салады..." (Құран Кәрім аяты, Тәубе сүресінің 18-аяты) Алланың үйлеріне қамқорлық жасау – иманның бір көрінісі екенін көреміз. Мешіт – жамағаттың жиналып, құлшылық ететін қасиетті орны. Сондықтан, оның тазалығын сақтап, Алланың разылығына жету әр мұсылманның борышы.

Біздің міндетіміз – мешітке келген сайын оның тазалығын құрметтеп, оны сақтауға атсалысу. Жөндеу жұмыстары да осы мақсатқа бағытталған еді. Әрбір келушіге қолайлы жағдай жасау – мешіт әкімшілігінің басты ұстанымы.

Алла Тағала баршамыздың жүрегімізге иман нұрын ұялатсын, мешіттерімізді көркейтіп, ізгі амалдарымызды арттырсын! Мешітке келіп, Алланың разылығы үшін дұға етіп, өз үлесімізді қосайық.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары