Ихсан ілімі — бұл Исламдағы ең жоғары рухани деңгейлердің бірі, Алланы толық тануға және оған шын жүректен жақындауға бағытталған ғылым. Бұл ұғым жүрек тазалығы мен ниеттің дұрыс болуын, барлық іс-әрекетте Алланың разылығын іздеуді қамтиды. Ихсан ілімі Исламдағы ақида (сенім) мен фиқһ (шариғат) ілімдерін толықтырып, адамның ішкі рухани жетілуін қамтамасыз етеді.
Ихсан ілімінің мәні
1. Алланы тану: Ихсан ілімі адамның жүрегін тазартып, Жаратушыны көркем сипаттарымен тануға көмектеседі.
2. Құлшылық сапасын арттыру: Құлшылықты тек сыртқы әрекеттерге емес, ішкі жан-дүниемен орындау, әрбір амалда Алланы еске алу.
3. Ниет тазалығы: Барлық іс-әрекетті шынайы ниетпен және Алланың ризалығы үшін орындау.
4. Амалдардағы көркемдік: Адамдармен қарым-қатынаста әдептілік пен мейірімділік көрсету, әділетті болу.
Ихсан іліміне жетудің жолдары
1. Тәубе және нәпсімен күресу: Өз қателіктеріңді мойындап, жан-дүниені тазартып, нәпсіге қарсы тұру.
2. Зікір және дұға: Алланы еске алып, Оның есімдерін қайталау, жүрекке тыныштық табу.
3. Шынайы ұстаздардан тәлім алу: Рухани жетілген, білімді адамдардан білім мен тәжірибе алу.
4. Құран және сүннетке амал ету: Барлық әрекеттерді Құран мен пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмір сүру үлгісіне негіздеу.
Ихсан іліміне қатысты хадис
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқан:
«Алла Тағала әр істі көркем түрде жасауды бұйырды». (Муслим)
Ихсан ілімі адамды кемелдендіретін, Алланың разылығына жеткізетін маңызды рухани білім саласы болып саналады.
Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешіттің имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлы
Пікірлер