«Жүректің көзі ашылса, Хақтықтың түсер сәулесі.
Іштегі кірді қашырса, Адамның хикмет кеудесі»
(Абай).
Ислам діні қай кезде болмасын адам баласының табиғи болмысында бар дуниелерді қолдап, дамытады. Ал сау ақыл мен көңілге қонбайтын кереғар дүниелермен күреседі. Адам өз табиги болмысымен ұмтылатын дуниелердің бірі - тазалық. Тазалық жалпылама екіге белінеді: ішкі жане сырткы тазалық.
Ішкі тазалық деп: ой тазалығы, ниет, көңіл мен жүрек және жан тазалығын, ал сырткы тазалыққа: дене тазалығы, киім-кешек пен өзі мекендейтін үй-жайының тазалығын айтамыз.
Адам баласы әуелде тап-таза болып жаратылады. Өсе келе бойына жаман әдеттер мен теріс қылыктарды жұктырып, жан дүниесін кірлетіп алады. Сондықтан тазалықтын ең үлкені - күнәдан тазару. Күнәдан тазару тәубе арқылы жүзеге асады. Ал тәубе ету үшін адам алдымен істеген күнәсін тәрк етіп, оны істегеніне өкініп, оны қайтып істемеуге бел байлауы шарт.
Ислам діні әлемге тазалық әкелген дін. Өйткені дінімізде көреалмаушылық, тәкаппарлық, жаман ой ойлау сынды ішкі дүниені таза ұстауға кедергі келтіретін рухани дертпен күресу, сондай-ақ тіршілік етіп отырган жерін, айналасын таза устау аса маңызды іс болып саналады.
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, мұсылмандар барған жерінің бәріне өркениет алып барған. Айталық, сабын жасау, дәретхана қолдану, су құбырлары мен монша салу сияқты тазалыққа қажетті бұйымдар мен заттарды алғаш тарих сахнасына мұсылмандар алып шыққандығына ешкімнің де таласы жоқ.
Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хира үнгірінде алғашқы «Оқы» делінген аяттар түсірілгеннен кейін, Алла Елшісіне әмір етілген келесі аяттын бірі: «Киімінді тазала», - делінген аят болатын («Муддассир» суресі, 4-аят).
Осылайша қасиетті Құранның алғашқы аяттарының өзінде-ақ, мұсылман өміріндегі тазалықтың орны қаншалыкты маңызды екендігін баяндалады.
ҚМДБ - Қарағанды облысы бойынша Жастар ісі секторының меңгерушісі Думан Қамариденұлы
Пікірлер