Пирсинг (ағыл. «piercing» — тесу) – бұл дене бітімге өзгеріс енгізу, теріні тесіп, әшекей тағу. Адамдар түрлі себептерге байланысты сырт пішіндерін осылай өзгертіп жатады. Біреуі эстетика үшін, біреуі діни сенімнен, ал біреуі ерекшелену үшін және т.б.
Сырт бейнені бұлай өзгерту хақында Ислам ғұламалары не дейді?
Ислам ғұламалары қыз-келіншектердің құлағын тесіп сырға салуына рұқсат етілетініне келіседі. Себебі бұл Алла елшісінің заманында болатын. Әйел затының сәні болып табылады. Сонымен қатар әйел адамның мұрнын да тесуіне рұқсат етіледі. Себебі бұл кейбір мәдениеттерде сән, әшекей есептеледі.
Бірақ қыз-келіншектерге ернін, кіндігін, қасы мен басқа мүшесін тесуіне тыйым салынады. Себебі мұндай сән мен әшекейлер адам ағзасына келтірер зиянын айтпағанның өзінде, мұсылмандар мақтаныш көретін, құптайтын құндылық емес.
Пікірлер