Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла қасыңда және сұрағаныңа жауап береді
21 сәуір, 2016 жыл 1145 Басып шығару нұсқасы

Оңаша отырып, ойға баттым. Әр адамның өмірінде тұйыққа тірелгендей қайда барарын, не істерін, қайтерін білмейтін кезең болады. Сол кезде қапалану, үмітсіздік басымдық алады. Бар жасаған ісің нәтижесіз сияқты, ал жағдай күн өткен сайын кері кеткендей көрінеді. Ұмтыласың, тырысасың, жасап көресің бірақ еш нәтиже жоқ.  Осылай амалың құрып, лажың қалмаған сәтте Жаратушыңа жүгінесің:

Алла Тағала:

لا تقنطوا من رحمة اللہ.

«Алланың мейірімінен күдер үзбеңдер» [39:53] – дейді.

Мен жүрегімнің жалғыз, қорғансыз қалғанын айтқанда Алла Тағала:

ان اللہ یحول بین المرء و قلبه.

«Алла — адам мен оның жүрегінің арасындамын»  [8:24] - деді.

 

Мен мүлдем жалғыз қалғанымды айтқанда Алла Тағала:

نحن اقرب من حبل الورید.

«Біз оған көктамырынан да жақынбыз» [50:16] - деді.

 

 

Содан кейін мен Өзімен қалай байланысарымды сұрағанда Алла Тағала:

فاذکرونی اذکرکم.

«Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын» [2:152] - деді.

واتبع ما یوحی اليك واصبر حتی یحکم الله.

«Бұйырылғанды орында және Алла Тағала үкім шығарғанша сабыр ет, себебі ол – қазылардың ең Жақсысы» [10:109] - деді.

 

Мен Алла Тағаланың ұлық екенін, төзімі мен мейірімі шексіз екенін айттым. Бірақ мен сабырсыз, шыдамсызбын. Тыныштық табу үшін жәрдем сұрағанда Алла Тағала:

وَعَسَى أَن تُحِبُّواْ شَيْئًا وَهُوَ شَرٌّ لَّكُمْ

 

Мен өзімізнің әлсіз әрі күнәһар екенімді айттым. Не істеуге болатынын сұрадым, сонда Алла Тағала:

«Сендерге жақсы болған іс сендер үшін қайырсыз болуы мүмкін. Сендерге жаман болған іс сендер үшін қайырлы болуы мүмкін» [2:216] - деді.

 

Мен Алла Тағалаға, менің өміріме қатысты жоспарына сенетінімді айттым. Бірақ менің өз күнәларым өзімді шошытатынын жеткіздім. Сонда Алла Тағала:

إِنَّ اللَّهَ بِالنَّاسِ لَرَؤُوفٌ رَّحِيمٌ

 

«Алла адамдарға рақымды әрі мейірімді» [2:143] - деді.

 

Мен қажығанымды, амалымның құрығанын айттым. Сонда Алла Тағала:

ان الله یحب المتوکلین.

«Алла өзіне тәуекел етушілерді жақсы көреді» [3:159]-деді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары