Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құран оқу және тыңдау әдебі
27 сәуір, 2016 жыл 4000 Басып шығару нұсқасы

Құран оқитын адам келесі ережелерді ескеруі қажет:

  1. Дәрет алуы керек. Денесі мен киімі, оқитын орны таза болуы тиіс
  2. Құран оқыр алдында мисуак қолданған абзал
  3. Құран оқу – шайтаннан қорғану үшін Аллаға ұмтылу. Сондықтан Құранды оқуды бастар алдында «Әғузу билләһи минаш-шайтанир-ражим» деп айтып, әр сүрені «Бисмилляһир рахманир-рахим» деп бастап оқиды.
  4. Есінеген кезде Құран оқуды доғару қажет. Себебі есінеу – шайтаннан.
  5. Маңызды себепсіз Құран оқуды тоқтатпаған жөн.

Құран тыңдау әдебі

Құранды қалай оқу керектігі сияқты оны тыңдаудың да әдебі бар. Құранның оқылуын тыңдаған адам Алла Тағаланың сөзін тыңдайды. Сондықтан адам Құранды шынайы ниетімен, мұқият тыңдап, ойлануы тиіс.

Алла Тағала: «Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер.»-деген [7:204].

Алла Тағала: «Ей, Мұхаммед! Саған бір мүбарак Кітап түсірдік; аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын» — деген [38:29].

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары