Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЕКІ ДИРХЕМГЕ ЖӘННАТЫ САТЫП АЛДЫ
28 қаңтар, 2021 жыл 894 Басып шығару нұсқасы

Бағзыда бір кедей өмір сүріпті. Таң атқаннан, күн батқанша ауыр жұмыс істеп бала-шағасын асырайды екен. Бір күні сол ауыр жұмысынан шығып қалады. Үш күн бойы жаңа жұмыс іздейді, таппайды. Талғажау етер тамақтары таусыла бастайды. Төртінші күні жұбайы:

- Біз екеуміз аштыққа шыдармыз. Ал балалар әбден ашығып қалды. Сөзсіз Алла Тағала Жомарт, сабырлыларға береді. Міндетті түрде бір шешімі табылады. Жұмыс табылғанша менің жасауыммен келген орамалымды сатайық деп, сандықтан сақтаған орамалын алып береді. Келесі күні таңертең ері жұбайының орамалын алып базарға аттанады. Орамалды екі дирхемге сатып, үйіне асығып келе жатқан жолда Алла разылығы үшін садақа сұраған жанды көреді. Мұңды жүзін көріп шыдай алмай қолындағы екі дирхемді ұстата салады. Үйіне келіп, болған жағдайдың бәрін жұбайына жеткізеді. Сонда жұбайы:

- Сөзсіз Алла Тағала Жомарт, сабырлыларға береді. Міндетті түрде бір шешімі табылады. Мен әкемнен ескі сағатын алдым. Ертең соны сатып, азық-түлік алайық – дейді. Әлгі кедей келесі күні ертемен ескі сағатты алып, базарға бағыт алады. Базарда сағатты екі балыққа айырбастап, үйіне келеді.  Ері әкелген екі балықты тазалап отырған әйелі бір сәтте балықтың ішінен түскен інжуді көреді. Екеуі оны зергерге апарғанда, зергер оны қымбат бағалап, 14  мың дирхемге сатып алады.  Қуаныштары қойындарына сыймай үйлеріне қайтып келеді. Енді олар бай еді. Ұйқыға жата бергенде әлдебіреу есік қағып келеді. Есікті ашса қайыр сұраған мұңлық екен. Сонда әлгі кедей:

– Алла бізге 14 мың дирхем берді. Соның жартысын саған берейін, бәрібір оның бәрі бізге қажет емес – деп ішке қарай еніп кетеді. Бірақ ақшаны алып келгенде әлгі мұңлықты таппай қалады. Кетіп қалған екен. Түсінде сол мұңлықты көреді:

– Мені күтпей неге кетіп қалдың? Мен ақша алып шығып едім – дейді.  Сонда мұңлық:

– Мен кедей емеспін. Алла Тағала жіберген періштемін. Әйеліңнің орамалын сатқанда сен маған екі дирхем садақа бердің. Ал балықты менен қалай айырбастап алғаның есіңде ме? Ал енді мен саған қуанышты хабарды жеткізуге келдім. Алла Тағала сенің жомарттығың үшін жұмақпен сүйіншіледі – деген екен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары