Пайғамбарымыздың хадисінде: «Пітір садақа – сәһу сәждесі сияқты, яғни сәһу сәжде намаздың жаңылысқан жеріне каффарат болса, пітір садақа тұтқан оразаның кемшіліктерінің өтеуі», - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Ораза тұтқан адамның оразасының сауабы пітір садақа бергенге дейін толық болмас», - дейді.
Хазіреті Осман (р.а.) өз заманында ұмытып кетіп пітір садақа бермеген-ді. Бірақ уақыт өткен соң есіне түсіп, пітір садақасының каффараты үшін деп бір құлды азат етті. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «-Ей, Осман, сен жүз құлды азат етсең де пітір садақасының сауабын таба алмайсың», - деді.
Пітір садақасы өз уақытында, яғни Рамазан айының ішінде немесе соңғы күні айт намазына дейін беріледі. Айт намазы оқылғаннан кейін берілген пітір жай садақа болып есептеледі.
Дінімізде пітір, зекет сияқты садақалар Алланың ризалығы үшін жасалатын ғибадаттың бір түрі саналады. Пітір садақасының сауабы туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім пітір садақасын берсе, Алла Тағала он жақсылық береді», - деп айтқан.
Бұған тоқталар болсақ, олар:
1. Тозақ отынан азат болар.
2. Барлық күнәларынан тазарар.
3. Тұтқан оразасы қабыл болар.
4. Ол кісіге жәннатқа кіру уәжіп болар.
5. Алла Тағала ол кісінің осы жылғы істерін қабыл етер.
6. Қиямет күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шапағат етер.
7. Сират көпірден найзағайдай жарқ етіп өтер.
8. Тұтқан оразасы қор болмас.
9. Мизан таразысында сауап жағы басым болар.
10. Ол кісінің аты сауап кітабына жазылар.
Пікірлер