Имам Ахмадтің Әбу Һурайрадан (р.а) жеткізген риуаятында Алланың Елшісі (ﷺ) ораза тұтушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді:
«Менің үмбетіме рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді:
1. Ораза тұтушының аузының исі Алланың алдында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады;
2. Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;
3. Алла Тағала рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: «Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерден тастап, саған кіретін күні жақын қалды», – дейді;
4. Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды.
5. Ал соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі».
Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (ﷺ): «Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты», – деген».
Пікірлер