Сәһл ибн Сағд (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ораза ұстаған адамдар ауыз ашуға асыққан сайын үнемі жақсылықта болады», – деп айтты» – делінген (Бұхари, саум 45; Муслим, сиям 48).
Сахаба Сәлман ибн Амир әд-Дабби (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ораза ұстағанда, ауыздарыңды құрмамен ашыңдар. Құрма таба алмасаңдар, сумен ашыңдар, өйткені су тазартатын қасиетке ие», – деп айтты» – делінген (Әбу Дәуіт, саум 21; Тирмизи, саум 10).
Пікірлер