Тілдік нұсқа
Радио

мақала

РАМАЗАННЫҢ СОҢҒЫ 10 КҮНІ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕ?
16 маусым, 2016 жыл 1827 Басып шығару нұсқасы

Рамазанның соңғы он күнінде ораза ұстаған кісінің иғтиқафқа кіруі – мұстахаб. Өйткені иғтиқафқа кіру нәпсінің тыйым салынған нәрселерден қорғануын қамтамасыз етеді. Әсіресе, қадір түніне тура келу мүмкіндігін және құлдың сол жөніндегі үмітін арттырады. Алла елшісі  (ﷺ) Рамазанның соңғы он күнінде құлшылықты көп ететін. Хазреті Айша (р.а) былай деген: «Хазреті Пайғамбар Рамазанның соңғы он күні кіргенде түнді толығымен ғибадатқа арнайтын. Отбасы мүшелерін оятып, әйелдерден бөлек тұратын»1.

Иғтиқафтің мақсаты – Аллаға жөнелу, бос уақытын ғибадатқа арнау, ғибадат үшін өзін сырт дүниеден үзу, Ұлы Алланың есігінен кешірілгенше айырылмауды білдіреді.

«Иғтиқаф» – бір жерде тұру, күту және өзін сол жерге қамау деген сөз. Фиқһ термині ретінде мешітте немесе соған ұқсас бір жерде иғтиқаф ниетімен белгілі бір уақыт тұруды білдіреді.

Иғтиқафтің дәлелі мына Құран аяты: «Сендер мешітте иғтиқафта отырған кездеріңде (түн уақытында да) әйелдеріңе жақындамаңдар!» 2.

Сүннеттен дәлел келтіретін болсақ: «Хазреті Пайғамбар Мәдинаға келіп, өмірінің соңына дейін Рамазанның соңғы он күнінде иғтиқафқа кіретін» 3.

Иғтиқафқа кіретін адам ақыл-есі дұрыс, таза болуы және ниет етуі керек. Иғтиқаф тек жамағатпен намаз оқитын жерлерде жасалатын құлышылық түрі. Әйелдер өз үйлерінде намаз оқуға арналған бөлмелерінде иғтиқафқа кіре алады.

Иғтиқафтің ең аз уақыты Әбу Юсуфтың ижтиһады бойынша бір күн. Имам Мұхаммедтің ижтиһады бойынша бір сағат. Бұл қысқа мезет болса да, Аллаға бет бұруды білдіреді.

 

  1. Мүслим, Итиқат 8; Термези, Саум, 72; Ибн Мәжә, Сиям, 57; Даріми, Саум 52; Ахмәд б.Ханбәл, VI,82, 123, 256,V, 40.
  2. Бақара 2/187.
  3. Бұхари, Иғтикәф 1,6; Мүслим,Иғтикәф 2; Әбу Дәуіт, Саум,77,78; Термези,Саум 71; Ибн Мәжә, Сиям 58.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары