Пайғамбарымыздың ﷺ заманында Сә’ләба бин Абдуррахман есімді бір жас сахаба болған. Ол Ислам дінін қабылдағаннан кейін өзін Пайғамбарымыздың қызметіне атайды. Бір күні Пайғамбарымыз ﷺ оны бір шаруаға жұмсайды. Сә’ләба жұмсаған жеріне барып, есігі ашық қалған үйдің ішіне көзі түседі. Үйде «ансарлық» бір әйел жалаңаш шешініп тастап жуынып жатыр екен. Сә’ләба әлгі әйелден бір сәтке көзін ала алмай қалады. Кейін өз-өзіне келіп, қатты ұялып кетеді. Бір жағынан «Пайғамбарымызға Алла Тағаладан бұл күнәм жайында уахи түссе, қайтемін» деп қатты қорқады. Екінші жағынан «харамға қараған көзіммен Пайғамбарымыздың ﷺ мүбәрак жүзіне қалай қараймын?» деп Мәдина қаласын тастап шығып, тауға қашып кетеді. Пайғамбарымыз ﷺ Сә’ләбәні ұзақ уақыт бойы күтеді. Келмеген соң өзгелерді жіберіп іздетеді. Алайда таппайды. Арада қырық күн өтеді. Сол кезде Алла Тағаладан хабар алып Жәбірейіл (а.с.) періште келеді.
Себебі, сахаба харамға қараған көздерімен Пайғамбарымыздың жүзіне қарауға қатты ұялады. Омар да Сә’ләбаның өтінішін жерге қалдырмай, сахабаны мешітке Пайғамбарымыз ﷺ имамдыққа шыққанда кіргізеді. Сә’ләба да сапқа тұрады. Намаз біткен соң Пайғамбарымыз ﷺ артқа бұрылып:
Осыдан соң Сә’ләба үйіне қайтады. Арадан сегіз күн өткеннен кейін Сәлман Пайғамбарымызға ﷺ келіп Сә’ләбаның қатты ауырып, өлім аузында жатқанын жеткізеді. Пайғамбарымыз ﷺ орнынан тұрып, сахабаларын ертіп, Сә’ләбаның үйіне барады. Барса, сахаба қатты науқастанған, тіпті басын көтеруге шамасы жоқ. Пайғамбарымыз ﷺ Сә’ләбаның жанына келіп, басын көтеріп, өзінің тізесінің үстіне қояды. Сә’ләба болса, басын Пайғамбарымыздың ﷺ тізесінен ақырын сырғытып, қайта жерге қояды. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ:
Сол кезде, сол жерде көктен Жәбірейіл періште түсіп келеді де Пайғамбарымызға ﷺ Алланың сәлемін жеткізеді:
Пайғамбарымыз ﷺ Сә’ләбаға бұл сүйіншіні жеткізеді, сахаба да бұл қуанышты хабарды ести салып, сол жерде көз жасы ішінде жан тапсырады.
Пайғамбарымыз ﷺ Сә’ләбаны кебіндеп, жаназа намазын оқиды. Жаназа намазында Алла Елшісі ﷺ аяғының ұшында тұрады. Мұны байқаған сахабалар жерлеп келген соң Пайғамбарымыздан ﷺ не себепті олай тұрғанын сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз:
Харамға көзі түсіп кеткені үшін дерті ішіне түсіп кеткен сахабаның бұл оқиғасы неткен ғибратты еді. Күнәға түскен көзімен Пайғамбарымыздың ﷺ жүзіне қарауға ұялған Сә’ләбаның бұл оқиғасы неткен хикметке толы еді. Бүгінде көз күнәсына белшемізден батып жүрген мына біздерге үлгі боларлық оқиға емес пе? «Үмбетім, үмбетім» деп ботадай боздап, еңіреп алдымыздан шығатын Пайғамбарымызға бұл көзімізбен қайтіп қарамақпыз? Харамға қарамасын деп осы көзіміз үшін қабақ жаратқан Алланың дидарына, жамалына қайтіп ұялмай қарамақпыз?! Аяғының ұшынан көз алмай жүрген Пайғамбардың үмбеті – мына біздер айнала жалаңаштанғанда Пайғамбарымыздың бұл сүннетін қалайша ұмыттық?! Алла өзімізге де, көзімізге де ұят берсін! Сә’ләбаның тәубесіндей тәубе берсін біздерге! Уа Раббым! Сә’ләбаны кешірімінен де асқан кешірімің мен жарылқауыңа мұқтажбыз!
Салтан САЙРАНҰЛЫ
Пікірлер