Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ӨЛГЕННЕН КЕЙІН ӨМІР БАРЫН ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРУГЕ БОЛАДЫ?
14 қазан, 2020 жыл 3219 Басып шығару нұсқасы

«Жер жүзінде кезіңдер де жаратуды қалай бастап, сосын екінші жасауды да жасайды. Көріңдер! Расында Алланың әр нәрсеге күші жетеді» дейді Алла Тағала («Анкабут» сүресі, 20-аят).

Бала тәрбиесін діни негізде жүргізу Алланы танып, білуде жеңілдіктер тудырады. Құран мен хадистер негізінде құралған отбасында өскен баланың мінезі көркем болуымен қатар, ол өмірдің қиыншылықтарына төзімді келмек. Бұл тақырыпқа қалам тербеуімізге бірден-бір себеп, жасөспірімдер арасында өз-өздеріне қол жұмсауы деректерінің артуы. Бұл өмірде жасалған әрекеттердің сұрауы бар екендігін білмейтін бала өлім арқылы бүкіл пәлекеттен құтылғысы келеді. Бірақ, бұл дүниемен қоштасу жан тыныштығына себепкер бола алмайды. Осы ретте о дүниелік өмір түсінігін бала санасына сіңдірудің бірнеше тәсілдері қарастырылады. Бұл амалдар баланың ақылы кіре бастаған кезде жүзеге асса нәтижелі болмақ.

Раббыларың сондай Алла көктер мен жерді алты түнде жаратты. Сонсоң ғаршыны меңгеріп, істі басқарды («Жүніс», 3). Ең алғашқы қадам, осы өмірдің таңғажайып кереметтерін суреттеуден басталмақ. Алланың жаратылысындағы көркем табиғи құбылыстардың шығу тарихы туралы әңгіме қозғалса, жас бала қиялға беріліп, өзі-ақ көз алдына кереметтерді елестетіп кетеді.

«Алла Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындықпен белгілі бір мерзім үшін жаратты» («Рум», 8). Келесі қадам, бастауы бар құбылыстың соңы да болатынын ұғындыру. Табиғаттың төрт мезігілі мен осы аралықта болатын жан-жануарлар мен өсімдіктердегі құбылыстар туралы әңгімелеу. Хадистерден мысалдар келтіріп, пайғамбарлар өмірінен үзінділер оқу арқылы баланың ынтасын оятуға болады. Сол арқылы тірі табиғат өліп, өлі қайта тірілетінін ұқтыру оңай болмақ.

«Ол, өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарады да жерді өлгеннен кейін жандандырады. Сол сияқты сендер де (қабірден) шығарыласыңдар» («Рум», 19). Ең қарапайым әрі түсінікті мысал, ананың баланы дүниеге әкелуі. Ана құрсағындағы сәбидің құрсақтағы өмірі болды. Алланың құдыретімен ол жарық дүниеге келді. Енді осы пәнилік өмірді сүріп біткенде, өлім жетіп, тағы да жаңа өмір басталады. Ол – қабір өмірі, одан кейінгі Алланың алдына баратын есеп беретін сәт, ал ең бастысы жан мәңгілікке қалатын Жәннаттағы немесе Тозақтық өмір. Міне, осыларды көркем тілмен, әсерлі күймен санаға жеткізіп, сезімді ояту діттеген мақсатқа жеткізеді. Тозақ туралы айтуға қорықпау қажет. Керісінше, қауіптің алдын алу осы тұтса басталмақ. Сауапты амалсыз Жәннат есігі ашылмайтынын, әрбір күнә Тозаққа апаратын сезінген жүректе ғана иман оянады.

«Және бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса», 29). Есі кірген балаға адамның өз-өзіне қол жұмсауы үлкен күнә екендігін Құран аятттары мен хадистер негізінде дәлелдеу дұрыс болмақ. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла елшісі (ﷺ): «Кім өзін таудан тастап өлтірсе, ол жаһаннам отында мәңгі-бақи өзін оның (отына) тастаумен болады, кім өзін у ішіп өлтірсе, ол мәңгі-бақи жаһаннам отында уын қолына устап оны ішумен болады, ал кім өзін темірмен өлтірсе, ол мәңгі-бақи жаһаннам отында темірмен қолына ұстап оны қарнына сұғумен болады», - деген. Осы өмірде басына түскен балекеттен өліп оңай құтыламын деу тура жоолдан адастырады. Яғни, Аллаға қарсы шығумен пара-пар. Сол үшін қандайда іске барарда ақылға салу қажет.

Осы секілді бірнеше факторларды қамтитын бұл тақырып, өте күрделі. Әрбір адамға қарапайым түрде жеткізу үшін, осы мысалдарды келтірдік. Ата-ананың мақсаты – перзентке дұрыс тәлім-тәрбие беру. Жамандықтан сақтап, қауіп-қатерден қорғау. Әрбір істелген әрекет үшін берілетін жауаптан қорыққан жасөспірімде өз-өзіне қол жұмсауға деген ниеті болмайды. Жүрегін қорқыныш ұялап, иманы күнәлі істен қорғап қалады. Өз-өзіне қол жұмсап жеңіл ғана өліп кету деген мүмкін. Емес. Өйткені, өлгеннен кейін де өмір бар. Біл ұындық. Сол себепті де, баласы үшіні ата-анасы жауапты екенін ескеріп, кеш болмай тұрғанда сәби жүрекке имани ілімді құю қажет. Осы тұста ақылды таяқпен миға қондыра алмайтынды әрбір ата-ана өзі дұрыс ұғынуы қажет. Баламен досындай сырласқанда ғана тқщымды әңгіме өрбитіні хаө. Олай болса, қабірден кейін де өмір барық ұқтыруды ерте кезден, ертегі, әңгіме түрінде санаға сіңдіру қажет-ақ.

 

Ақтоғай аудандық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары