Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЕҢ ҚЫМБАТ МӘҺІР
04 тамыз, 2016 жыл 1010 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымызға он жыл қызмет еткен Әнас бин Мәлик (р.а.) былай дейді:

Өгей әкем Әбу Талха мұсылман болмастан бұрын анам Үмму Сүләйммен бос қосып, шаңырақ көтергісі келіп, өзіне тұрмысқа шығу ұсынысын жасайды. Оның ұсынысына анам былай деп жауап берді:

­­- Әбу Талха! Саған тұрмысқа шығуға қарсы емеспін. Өйткені, сен секілді бір адамның ұсынысын кері қайтару мүмкін емес. Бірақ, сен ­­­– кәпірсің. Мен болсам, мұсылманмын. Сенің тәңір деп табынған нәрсеңнің жерден өсіп шыққан бір ағаш екенін, сол ағаштан ағаш ұстасы болған қара нәсілді құлдың жонып пұт жасағанын білмеуші ме едің?

Әбу Талха:

- Білемін, - деді. Анам сөзін әрі қарай жалғап:

- Олай болса, қолдан жасалған осы бір нәрсеге табынудан ұялмай мысың? Кел одан да кәлимаға тіліңді келтіріп, мұсылман бол! Мен де саған тұрмысқа шығайын. Маған берер мәһірің осы болсын. Сенен мұнан басқа ештеңе қаламаймын», - дейді.

Әбу Талха анама:

- Маған біраз уақыт бер, ұсынысыңа ойланайын, - деді.

Анам да оған ойлануға уақыт берді.

Бір күні Әбу Талха үйге келді де кәлимаған тілін келтіріп, мұсылман болды. Анам да онымен үйленді.  

Салтан САЙРАНҰЛЫ

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары