Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«ОЛАРМЕН ДҮНИЕДЕ ДҰРЫС ЖОЛДАС БОЛ»
29 қаңтар, 2021 жыл 462 Басып шығару нұсқасы

  "Абу Бәкір (р.а) қызы Асмадан келген  хадисте былай делінген:  «Құрайыштардың заманы үстем болып тұрған уақытта маған шешем келді. Шешем мүшірика, яғни кәпір еді. Жүгіріп Пайғамбарымыз () алдына келдім.  «Иә, Алланың елшісі, шешем келді және ол исламға қарсы. Туысқандық қарым-қатынасымды үзейін бе, әлде жалғайын ба?» дедім. Пайғамбарымыз (): «Иә, жалға» деп жауап берді.»        (Бухари және Муслим риуаят еткен)

 Исламның тәлімі қайда, бүгінгі мұсылманның дін ұстанымы қайда?! Басында жаулығы жоқ болғаныменен, жүрегінде АЛЛАны біліп, тілінде кәлимасын сақтаған анаға бүгінгі жат ислам жастары "кәпірсің" деп кінә тағып, өз анасының қолынан піскен асты татпай жүр.

Одан сорақысы, мұсылман болғанымен бес уақыт намазы жоқ ата-анасымен тіптен қарым-қатынасын үзіп, шалғайдағы жат ағымдық бүлікшілерге  қосылып жатыр.

Ал енді, аузынан шыққан сөзінің садақасы болайын, Пайғамбарымыз () не айтады?!

Кәпір болған және исламға қарсылық танытқан шешесі жайлы  Асмаға «Иә, қарым-қатынасыңды жалға» деп бұйрықпен жауап береді. Ислам тіпті кәпір әке-шешеменен қарым-қатынасты көркем түрде жалғауды әмір етеді.

Әй, қазақтың қыршындары!

Ислам қанына сіңген, жүрегіне иман ұялаған, АЛЛАны жадынан шығармаған бейшара әке-шешеңді қалай даттайсың?!

Алланың әмірі, Пайғамбардың өсиеті және сенің амалың. Өз ісіңе ой жүгірт».

                                                                     (с) Ұстаз Айбек Омар

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары